Ақтаулық таэквондошы егіз қыздар жарыстың финалында бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартты деп хабарлайды Lada.kz.
Басылымның мәліметінше, жекпе-жектің нәтижесін «тас, қайшы, қағаз» деп аталатын ойын шешкен. Апалы-сіңлілі егіздер Айя мен Сая Кенжеғали таеквондо турнирінің финалында бір-бірімен жекпе-жек шығудан бас тартып, өзара танымал ойын арқылы жеңімпазды анықтауға шешім қабылдаған. Бұл ойында Айя жеңіске жетті.
Маусым айының 9-13 аралығында Қызылорда облысында 2010-2011, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында таэквондодан республикалық турнир өткен.
Турнир Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналды. Жарыста республикамыздан 800-ден астам спортшы бақ сынасып, маңғыстаулық жас спортшылар жүлделі орындарға ие болған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үшем дүниеге келгенін жазған едік. 37 жастағы Назипа Янгибаева №1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанған. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/1918238-finalda-bir-birimen-zekpe-zekke-sygudan-bas-tartqan-aqtaulyq-egizder-eldi-tanti-etti-video/