Депутаттың айтуынша, мұндай білім беру мекемелерінің қызметін бейінді министрлік бақыламайды. Осыдан бірқатар проблемалар туындайды.
«Бүгінгі күні орталықтар, репетиторлық қызмет кәсіпкерлік субъектісі ретінде қарастырылады. Олар білім беру мекемесі, сол себепті олардың жұмысын қадағалайтын уәкілетті орган болуы қажет. Бүгінгі таңда оларды ешкім бақыламайды. Осыған орай, білім беру орталықтардың жұмысын, репетиторлық қызметті мемлекет тарапынан реттейтін кез келді. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі аса маңызды. Кейбір білім беру орталықтары бейімделген үй-жайларда орналасқан. Осы ұйымдарда оқушылардың санитарлық жағдайы, топтардағы балалардың саны бойынша нормалардың сақталуы қалай қамтамасыз етіледі және оны кім бақылайды?»,- деді сенатор.
Сонымен қатар, депутат қосымша білім беру мекемелеріндегі репетирлердің кәсіби деңгейіне қатысты мәселелерге назар аударды. Ғалиасқар Сарыбаев өз балаларын орталықтарда мәжбүрлеп оқытатын ата-аналар зор тәуекелге баратынын, өйткені тәрбиешілердің құзыреттілігі әртүрлі болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Ең өкініштісі, ҰБТ орталықтарының ешқайсысы нәтижеге кепілдік бермейді. Иә, репетиторлық қызмет көрсету нарығы болуы қажет. Алайда, бұл қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес болуы керек. Конституцияға сәйкес балалардың қауіпсіздігіне, біліміне, денсаулығына мемлекет кепілдік беруі керек», — деді Сарыбаев.
Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысынан бар проблемаларға назар аударуды, сондай-ақ аталған білім беру орталықтарының қызметін реттеудің құқықтық негіздерін қайта қарау арқылы оларды шешуге жәрдемдесуді сұрады.