• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

ҰБТ орталықтарының ешқайсысы нәтижеге кепілдік бермейді

Мемлекеттік бақылау мен оқыту сапасының болмауы, оқушылардың қауіпсіздігі мен санитарлық нормаларға қатысты мәселелер, сондай-ақ ата-аналардың көптеген қаржылық инвестициялары. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында қосымша білім беру саласының проблемаларын көтерді.

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
ҰБТ орталықтарының ешқайсысы нәтижеге кепілдік бермейді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, мұндай білім беру мекемелерінің қызметін бейінді министрлік бақыламайды. Осыдан бірқатар проблемалар туындайды.

«Бүгінгі күні орталықтар, репетиторлық қызмет кәсіпкерлік субъектісі ретінде қарастырылады. Олар білім беру мекемесі, сол себепті олардың жұмысын қадағалайтын уәкілетті орган болуы қажет. Бүгінгі таңда оларды ешкім бақыламайды. Осыған орай, білім беру орталықтардың жұмысын, репетиторлық қызметті мемлекет тарапынан реттейтін кез келді. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі аса маңызды. Кейбір білім беру орталықтары бейімделген үй-жайларда орналасқан. Осы ұйымдарда оқушылардың санитарлық жағдайы, топтардағы балалардың саны бойынша нормалардың сақталуы қалай қамтамасыз етіледі және оны кім бақылайды?»,- деді сенатор.

Сонымен қатар, депутат қосымша білім беру мекемелеріндегі репетирлердің кәсіби деңгейіне қатысты мәселелерге назар аударды. Ғалиасқар Сарыбаев өз балаларын орталықтарда мәжбүрлеп оқытатын ата-аналар зор тәуекелге баратынын, өйткені тәрбиешілердің құзыреттілігі әртүрлі болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Ең өкініштісі, ҰБТ орталықтарының ешқайсысы нәтижеге кепілдік бермейді. Иә, репетиторлық қызмет көрсету нарығы болуы қажет. Алайда, бұл қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес болуы керек. Конституцияға сәйкес балалардың қауіпсіздігіне, біліміне, денсаулығына мемлекет кепілдік беруі керек», — деді Сарыбаев.

Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысынан бар проблемаларға назар аударуды, сондай-ақ аталған білім беру орталықтарының қызметін реттеудің құқықтық негіздерін қайта қарау арқылы оларды шешуге жәрдемдесуді сұрады.

 

Tags: ҰБТ орталықтары
Jasyn

Jasyn

Next Post
«СЕНАТ ОТЫРЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚСЫЗ КЕЛУГЕ БОЛМАЙДЫ»: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҮКІМЕТ ӨКІЛІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

«СЕНАТ ОТЫРЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚСЫЗ КЕЛУГЕ БОЛМАЙДЫ»: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҮКІМЕТ ӨКІЛІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты

4 года ago
Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру – аға буынның міндеті

Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру – аға буынның міндеті

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In