• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Түркістан — жеңімпаз жастар мекені

by Jasyn
26/10/2024
in Без рубрики
0
Түркістан — жеңімпаз жастар мекені
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жастар саясатын дамыту бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ал, спортпен айналысу жастардың икемді болуына мүмкіндік береді және бұл өмірдің қазіргі ырғағында маңызды. Спорт жас өскіннің мінезін қалыптастырады, оны жақсы жаққа өзгертеді. Жаттығудың арқасында ерік-жігер дамиды, жеңіске деген ұмтылыс, төзімділік пайда болады. 

Жастар – елдің ертеңі. Ендеше олардың амандығы мемлекеттің саулығы десек қателеспейміз. Осы орайда жастардың денсаулығын жақсарту, соның ішінде спортпен айналысуға баулу және жеңімпаз жастарға құрмет көрсету өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығармайды.

Жақында бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Түркістан облысы Отырар ауданына келіп жас спортшылармен кездесті. Спортшымен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов қатысып, әлем елдерінің алдында еліміздің абыройын асқақтатқан боксшыға алғысын жеткізді. 

Аудан әкімінің орынбасары ел үміт артқан спортшыларымыздың арқасында әлем жұртының алдында ел абыройы артып, қазақ спортының жанкүйерлеріне асқақ рух пен жігер сыйлағанын айтып өтті. Сондай-ақ мәслихат төрағасы әлемдік додада жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген Нұрбекке аудан халқының атынан шынайы алғысын айтты.

Жалпы аудандағы спорт мектептерінде спорттың бірнеше түрінен үйірме сабақтары ұйымдастырылған. Аталған үйірме жұмыстарының ішінде бокс спортына қызығатын балалардың саны күн санап артып келеді. 

Кездесу барысында Нұрбек Оралбай бокс үйірмесіне қатысатын жасөспірімдерге шеберлік сағатын өткізіп, жеңіске жетудегі негізгі әдіс-тәсілдер мен шаршы алаңда жүріп-тұрудың қыр-сырын үйретті.

Кездесуде аудан жастары ауданға арнайы келіп шеберлік сағатын өткізген спортшыға шынайы алғысын айтып, естелікке суретке түсті.

Жалпы алғанда Түркістан облысында жастардың спортен айналысуына барлық жағдай жасалған. Соның нәтижесінде түркістандық жастар дүбірлі додалардан жүлдесіз қайтқан емес. 

Жақында Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық базасында жүзуден жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Елшілік додаға 2006 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер құрамасының ең мықты жүзушілері қатысты. Су айдынындағы бәсекеге 25 команда құрамында 284 спортшы түрлі бағдарлама бойынша сайысқа түсті.

Жарыс қорытындысында Түркістан облысының спортшылары табысты өнер көрсетті. Өңір мерейін асқақтатқан спортшылардың дені Су спорт түрлерінен облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Олардың еншісінде 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар. Жүлде салған спортшылар қатарында Дария Токтобаева 200, 400 метр қашықтыққа кешенді жүзуден және 200 метрде шалқалай жүзуде қарсыластарын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақса, 400 метр еркін жүзуде екінші орын алды. 

Ел чемпионатында жүлде салған тағы бір жерлесіміз – Шыңғысхан Балабек. Қаратөбе ауылының тумасы 1500 метрге еркін жүзуде қолаға қанағат етіп, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атанды. 

Айта кетейік, 28 қазан мен 4 қараша аралығында Сингапурде өтетін әлем кубогы өтеді. Алматы төрінде осы сынға ересектер арасында іріктеу өтті. Облыс мақтаныштары София Сподаренко 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен, Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуден осы додаға жолдама алды.

Енді Түркістан облысының құрамасы аға жаттықтырушы Ж. Шалдарбеков пен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Смолеевтің жетекшілігімен әлем чемпионатына және Қазақстанның қысқы чемпионатына дайындықты бастайды. 

Ал, Грекия елінің Корфу қаласында гір спортынан ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында  шардаралық Байдуллаев Бағжан (63 кг) серпе көтеру және Қуаныш Ерасыл (78 кг) ұзын айналу бойынша қарсылас шақ келтірмеді Әлем чемпионы атанды.

«Сіздер бойларыңыздағы қайсар мінез бен жалынды жігеріңіздің арқасында жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің абыройын асқақтатумен бірге ауданымызда гір спортының дамуына белсенді түрде атсалысып жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола білдіңіздер. Ауданымыздан гір көтеру спортынан ересектер арасында алғаш рет Әлем чемпионы шығып отыр. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, спортта жеңісті күндер тілеймін!»- деп Шардара ауданының әкімі жеңімпаздарды арнайы құттықтады.

Сондай-ақ, Грекияда өткен осы байрақты бәсекеде созақтық спортшылар Қобыланды Орынбасаров пен Баби Орынбасар да еліміздің намысын қорғады. Сөйтіп жарыс нәтижесі бойынша Қобыланды Орынбасаров 73 келі салмақта жұлқа көтеру мен ұзын циклді көтеруден жүлделі ІІІ орынды иеленіп, командалық эстафетадан ІІ орынға тұрақтады. Осылайша көк туымызды көкте желбіретіп, еліміздің мерейін үстем етті. 

Жеңімпаз саңлақтарды спорт өнеріне баулып, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушысы және Түркістан облысы бойынша тұңғыш Халықаралық дәрежедегі төреші атағын алған Мұрат Серікбаев бұған дейінгі жеткен жетістіктерін еселей түсті.

Және жаттықтырушы Абдраханов Мұхан Ұзақбайұлына құрмет көрсетіп, Алғыс хат пен сый-сияпаттарын тапсырды.

Сондай-ақ, Шардара аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Еліміздің рухын көтерген — спорт саңлақтары” атты қол күрестен әлем чемпиондарымен мотивациялық кездесу өтті. Басқосу “25 қазан — Республика күніне” орай ұйымдастырылды.

Кездесу мақсаты — жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар мен өмірлік мотивация беріп, еркін пікір алмасу.

Аталмыш басқосуға армрестлингтен әлем чемпиондары Ердәулет Мұхамбетов, Мейрамбек Ерсайын мен Бекжан Қожантай қатысты. Жиынға облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің БАҚ пен қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақтөре Мейіржанұлы модераторлық етті.

Шара барысында спикерлер өздерінің спортта жеткен жетістіктері, кәсіби мансабындағы тәжірибелерімен бөлісіп, тұлғалық дамуға қатысты бірқатар келелі ақыл-кеңестерін берді. Үлкен жетістіктерге жету жолында алға қойған мақсатқа жетуге ерік-жігер беретін сенімділік туралы баяндады. Жастар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. 

Кездесу соңы әуесқой жастар арасындағы қол күрестен сайысқа ұласты. Armrestling ережесіне сәйкес өткен жарысқа 18-34 жас аралығындағы әуесқой жастар қатысты. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. 

Ал, 25-қазан Республика күніне арналған салтанатты шарада қала әкімі Жандос Тасов 11-13 қазан аралығында Европаның Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында жастар арасында самбо күресінен өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ақбота Қыдырәлі мен қола жүлдегері Нұрбек Нұрбаевты марапаттады. Қаланың ғана емес елдің атын асқақтатуда жасап жатқан жетістіктеріне алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. 

Екі спортшыда қаладағы Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары. Жаттықтырушылары — Самат Аргимбаев пен Қанат Арғымбаев.

Фото: Созақ аудандық әкімдігі

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ербол Қарашөкеев қызылша жинау жұмыстарымен танысты

Ербол Қарашөкеев қызылша жинау жұмыстарымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында «Қарасора-2021» операциясы басталды

Жамбыл облысында «Қарасора-2021» операциясы басталды

4 года ago
Сотталғандарға медициналық көмек көрсету Денсаулық министрлігіне 2023 жылы беріледі

Сотталғандарға медициналық көмек көрсету Денсаулық министрлігіне 2023 жылы беріледі

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In