• RU
Пятница, 19 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Түркістан медицинасы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді

Түркістан облысында елді мекендерді, қалалар мен аудандарды әлеуметтік маңызы бар нысандармен, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңірде 93 нысанның құрылысына бюджеттен 77,3 млрд теңге бөлінген. Жыл қорытындысында 58 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 7-еуі ел игілігіне тапсырылған.

by Jasyn
19/06/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Түркістан медицинасы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

– Әрбір нысан сапалы әрі уақтылы тапсырылуы керек. Құзырлы мекемелер, жауапты басшылар құрылысты басталған сәттен бастап қадағаласын. Халықтың салығы есебінен жасалып жатқан жұмыс талапқа сай болуы қажет. Егер бекітілген жоспарға сай жұмыс атқармаса және ғимаратты сапасыз салса, мердігермен келісімшартты үзіңіздер. Құрылыс материалының сапасы, жұмысшы саны, нысанның мерзімінде тапсырылуы қатаң бақылауда болатын болсын, – деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров кемшілік анықталған аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.

Денсаулық сақтау саласында төрт нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Ал Түркістан қаласында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қорының қаржысы есебінен салынып жатқан 80 орындық перзентхананың құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған. Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сарыағаш қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана мен Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы басталған.

Жалпы алғанда Түркістан облысы құрылғаннан бері өңірде жалпы саны 134 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулатория іске қосылса, 2019 жылы 6 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория және 1 қосымша ғимарат пайдалануға берілді. 2020 жылы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды.

2022 жылы 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт және 1 облыстық жедел жәрдем станциясы ел игілігіне тапсырылды. 2023 жылы 1 аудандық емхана, 3 дәрігерлік амбулатория және 13 фельдшерлік-акушерлік пункт салынса, 2024 жылы 23 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік пункт және 7 медициналық пункт пайдалануға берілді.

Ал 2025 жылы Түркістан қаласында балаларды оңалту орталығы ашылып, қосымша 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 22 медициналық пункттің құрылысы аяқталды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындарды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамту деңгейі едәуір жақсарып, ауылдық елді мекендерде медициналық қызметтің қолжетімділігі артты. Бұл өз кезегінде халық денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауымен медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Биыл 24 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт және 4 жедел жәрдем дислокациясы бар.

Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін одан әрі арттырып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан медицинасы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді. Өткен жылы облыс дәрігерлері 75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза трансплантациясын сәтті орындады. Бұрын тек шетелде немесе елордада ғана жасалатын күрделі операциялар бүгінде өңірде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендер арқылы 486 ауылдағы 434 мыңнан астам тұрғын тексеруден өтті. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында да нақты нәтижелер бар. Нәресте өлімі 18,3 пайызға, бала өлімі 14,9 пайызға төмендеді.

Медицинадағы басты құндылық – білікті маман. Сондықтан кадр даярлау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Жергілікті бюджет есебінен 297 дәрігер-резидент даярланып, биыл ауылдық жерлерге жұмысқа барған 73 жас маманға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Фото: GOV.KZ

Tags: денсаулық сақтау нысандармедицинаның жаңа даму кезеңі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Медицина қызметкері болу – үлкен жауапкершілік және жанкешті еңбек

Медицина қызметкері болу – үлкен жауапкершілік және жанкешті еңбек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Түркістан облысы көш бастап тұр

Түркістан облысы көш бастап тұр

2 года ago
«Самұрық Қазына» компаниялары мемлекеттік көмек алатын кезде банк құпиясын ашуға міндеттелді

«Самұрық Қазына» компаниялары мемлекеттік көмек алатын кезде банк құпиясын ашуға міндеттелді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In