• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бейжің қаласындағы Халық жиналысы үйінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізді.

Өзара сенім мен достыққа негізделген кездесуде көшбасшылар Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардың ауқымды мәселелерін талқылады.

Президент еліміздегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігеріне берік достық ниетін білдіргені, сондай-ақ Жаңа Қазақстан құру жолында қажетті көмек көрсетуге дайындығы үшін Қытай Төрағасына ризашылығын жеткізді.

Қазақстан президенті бүгінгі келіссөздің қазақ-қытай қарым-қатынасы тарихындағы сапалы әрі жаңа кезеңге бірлесе қадам басуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай достығын, тату көршілік пен өзара сыйластықты нығайтуда жаңа табыстарға қол жеткізу үшін тығыз ынтымақтастыққа әзір екенін атап өтіп, Си Цзиньпинді биылғы қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, ҚХР Төрағасының сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке тың серпін береді.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстарды арттырудағы бірлескен іс-қимылға ерекше назар аударылды. Президент пандемияға қарамастан, екіжақты тауар айналымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 15,2 пайызға өсіп, 18,2 миллиард долларға жеткенін атап өтті. Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы жалпы сауданың жартысы Қазақстанға тиесілі.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу — бір жол» бастамасын одан әрі іске асыру жөніндегі басым міндетті атады. Мемлекет басшысы еліміздің цифрлық технологиялар мен көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екеніне тоқталды.

Келіссөз барысында туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективасы, сондай-ақ Қазақстанда қытай мәдени орталығын ашу мәселесі талқыланды.

ҚХР Төрағасы «біртұтас Қытай» қағидатына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты дамытуға мүдделі екеніне сенім білдірді.

Си Цзиньпин Қазақстан мен ҚХР арасындағы байланыстардың алдағы 30 жылдағы алтын дәуіріне осы кездесу жол ашатынын атап өтті.

ҚХР Төрағасы «Бір белдеу — бір жол» бастамасы жүзеге асырылып жатқан 9 жыл ішіндегі оң ынтымақтастықты атап өтті. Сондай-ақ Си Цзиньпин ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, жасанды интеллект, қаржы және электронды сауда салаларындағы өзара ықпалдастықтың келешегіне де баса мән берді.

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты әрі көреген басшылығымен Қазақстанның қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ ол Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жұмысына және оның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларына жоғары баға берді.

Кездесу соңында Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға шақыруын қабыл алып, алдағы күзде елімізге мемлекеттік сапармен келу жөніндегі жоспарымен бөлісті.

Сонымен қатар Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевпен тұрақты байланыс жасап тұруға дайын екенін жеткізді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Алматылықтар Досаевқа қарсы митингке шықты

Алматылықтар Досаевқа қарсы митингке шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілетіні рас па: Еңбек министрлігі жауап берді

Әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілетіні рас па: Еңбек министрлігі жауап берді

4 года ago
Келешекке арналған жоба

Келешекке арналған жоба

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In