Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстандағы қайғылы оқиғалар туралы айтты. Оның мәліметінше, Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 2 мыңға жуық адам ұсталған.
«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады. Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн», — деді президент.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер мен шабуылдардан кейін 494 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.