Бейресми форматта өткен әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға есірткі және синтетикалық заттарды қолданудың зияны мен оның салдары туралы айтып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Колледж оқытушылары мен студенттері үшін облыстық ПД кинология орталығының қызметкерлері көрсетілім ұйымдастырды.
⁃ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «болашақ ұрпақтың әл-ауқатына есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы қауіп төндіреді» деп атап өтті. Президент бұл дерттің біздің азаматтар арасында, әсіресе жастар арасында таралу жолына күшті тосқауыл қоюды тапсырды, — деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.
Жамбылдық полицейлер азаматтарды осы ортақ проблемадан тыс қалмауға, есірткінің таралуына және олармен байланысты қылмысқа қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.
—Мұндай іс-шаралар жастарға ой салып, зиянды әдеттер мен оның ауыр зардаптарынан аулақ болуға септігін тигізеді. Менің курстастарым есірткінің тіпті дәмін татып көрудің қажеті жоқ екенін түсінді. Өкінішке орай, есірткі сатушыларға «ілмекке» түсу оңай, бірақ бұл тәуелділіктен арылу қиын, — дейді 1 курс студенті Аружан Абдулла.