Тыйым салынған заттардың аса ірі көлемі 58 жастағы әйелден тәркіленді.
Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде жуынатын бөлме мен жатын бөлмеден, жертөледен, сондай-ақ көлігінен есірткі орамалары табылды. Барлығы 19 келі 335 гр «гашиш» және 22 келі «кептірілген марихуана» тәркіленді.
— Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел есірткіні туған ауылы — Меркі ауданынан әкелген. Ол өзімен бірге тұратын туыстарын да есірткіге тәуелді еткісі келгенін мойындады, — деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.