• RU
Пятница, 19 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шынында тұрғын үйлер маңына көлік қоюға заңмен тыйым салына ма?

Әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғын үйлер маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат тарағаны белгілі.

by Jasyn
17/06/2026
in Қоғам
0
Шынында тұрғын үйлер маңына көлік қоюға заңмен тыйым салына ма?
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алайда еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтады.

«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында тұрғын үйлердің жанында автокөліктерді қоюға жаңа тыйым салу көзделмеген» деп атап өтті бұл министрлік.

Құжат қалалар мен ауылдарды абаттандыру ережелерін Қазақстанның Құрылыс кодексіне сәйкес жаңарту мақсатында әзірленген. Жаңа ережелерде арнайы бөлінген орындарда үй маңына көлік қоюға тыйым салатын нормалар жоқ екені айтылды.

Ереженің 32-тармағында жеке үйлерге іргелес жатқан аумақтарда сақтауға тыйым салынған мүліктер тізімі нақтыланды. Бұрын заңда «өзге де жылжымалы заттар» деген жалпы тұжырымдама қолданылса, енді құжатта оларға автомобильдер, тіркемелер мен арбалар жататыны бөлек көрсетілген.

«Бұл ретте сөз автокөлік құралдарын пайдалануға немесе белгіленген орындарда қоюға тыйым салу туралы емес, ортақ пайдаланудағы іргелес аумақта мүлікті ұзақ уақыт сақтауға және үйіп қоюға жол бермеу туралы болып отыр», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Министрлік жаңа ережелер жол қозғалысын ұйымдастыру, автотұрақтар мен тұрақ орындарын реттеу және көлік құралдарын пайдалану мәселелерін қамтымайтынын атап өтті. Сондықтан үй маңына автокөліктерді қоюға жаңа шектеулер енгізіледі деген тұжырымдар құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.

Сондай-ақ министрлік өкілдері тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және нормативтік құқықтық актілерге қатысты шындыққа жанаспайтын түсіндірмелерді таратпауға шақырды.

Фото: Azattyq-ruhy.kz

Tags: автотұрақтар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Заңсыз қызметтен түсетін қаржы көлемі айына 500 миллион теңгеден асқан…

Заңсыз қызметтен түсетін қаржы көлемі айына 500 миллион теңгеден асқан...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

80 мың тұрғын үйді электр энергиясымен қамтуда

80 мың тұрғын үйді электр энергиясымен қамтуда

4 года ago
Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтініштер саны рекордқа жетті

Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтініштер саны рекордқа жетті

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In