Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері хабарлама түскен сәттен кейін 4 минуттан шақыру орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде өрт үйдің шатырына таралып кеткен еді. Кеш хабарланғандықтан, өрт үлкен аумақты қамтыды. Барлығы 180 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ 4 газ баллон далаға шығарылды. Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылды.
Қабылданған шаралардың арқасында оттың бесінші қабатта орналасқан пәтерлерге таралуына жол бермей, өрт алдын ала 750 ш. м. алаңда сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Фото: Төтенше жағдай қызметі