Сабақтар барысында балаларға келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді: қаржылық алаяқтықтың түрлері, оның ішінде дропперлер мен қаржы пирамидалары; вейп қолданудың зияны, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық негіздері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметтік иттерді қолдана отырып, есірткі заттарын анықтау және іздеу бойынша кинология қызметкерлерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Демалушылардың қатысуымен спорттық жарыстар мен ойын-сауық шаралары өткізілді.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 3610 адамды құрады, оның ішінде балалар, тәлімгерлер мен ата-аналар бар. Қатысушыларға QR-кодтары бар 2060 ақпараттық брошюра таратылды.
Бұдан бөлек, «Қолынан келсе, мені алдап көр» тақырыбындағы қаржылық сауаттылыққа арналған балалар сурет байқауының қорытындысы бойынша 20 бала марапатталды, олардың 10-ы – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, «Заң және тәртіп» акциясы аясында Түркістан облысында 2 мыңнан астам заңсыз контент бұғатталды. Яғни, қаржылық сауаттылық, алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысында жыл басынан бері 317 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген. Басқарма қызметкерлері азаматтардан түскен өтініштер негізінде алаяқтық деректерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Жасұлан Тастемір мәлімдеді.
«Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен ауқымды түрде жүргізілген арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып 13 күдікті тұлға қамауға алынды. Қазіргі таңда құрықталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жалғасуда. Қылмыстық топтың республика көлемінде 200-ден астам қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, Полиция департаменті және Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті арасында жасалған меморандум аясында полиция қызметкерлерімен студенттер бірлесіп жыл басынан «Кибернадзор» жүйесі арқылы 2 060 құқыққа қайшы контенттер бұғатталды. Түркістан облысы аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде мұғалімдер мен студенттерге жалпы 350 ауқымды жиналыс өткізілді»-деді сала маманы.
Тағы бір айтары, Созақ ауданында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында форум өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Алтын Кунтуқызы ашып, жүргізіп отырды. Кездесудің басты мақсаты — құқықтық мәдениетті арттырып, тұрғындарға заңнамалық түсіндіру, қаржылық сауаттарын арттыру жұмыстарын жүргізу арқылы азаматтардың заңға деген құрметін күшейтуге және тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу.
Мобильді топ құрамында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің офицері Мұхаммедали Аханұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сотқа дейінгі тергеу басқармасының АМІЖ тергеушісі Нұрбақыт Нысанбайұлы, Түркістан облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Мухтар Беркимбаевич және Созақ ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Талғатұлы болды.
Кездесуде алғаш сөз алған Нысанбек Мұхаммедали интернет алаяқтықтың бүгінгі таңда қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ол азаматтарды бейтаныс сілтемелерге өтпеуге, өз жеке деректерін күмәнді тұлғаларға бермеуге, әсіресе қаржылық операцияларға сақтықпен қарауға шақырды. Сонымен қатар соңғы уақытта кең таралған «дроппер» деген алаяқтық схемасы туралы кеңінен түсіндіріп, бұл жүйеге қалай алданбауға болатынын нақты мысалдармен жеткізді.
Фото: BAQ.KZ