Яғни Қытай тарапы шетелдік көліктерді бақылап қана қоймай, бұл рәсімдерден ресми кірістер қалыптастырған.
Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжиметдинұлы премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында Қазақстан мен Қытай арасында автотуризм көлемі артып келе жатқанын, алайда шетелдік автокөліктерге қойылатын талаптарда айқын теңгерімсіздік қалыптасқанын көтерді.
Мәжілісменнің айтуынша Қазақстан аумағына кіретін шетелдік, оның ішінде Қытай көліктеріне қатысты рәсімдер айтарлықтай жеңілдетілген. Көп жағдайда тек уақытша әкелу кеден рәсімімен шектеледі және ол тегін.
— Қазіргі мәліметтер бойынша, соңғы бір жыл және биылғы жылдың алғашқы төрт айының өзінде Қазақстан аумағына 8 мыңнан астам Қытай автокөлігі кірген. Осыған байланысты сұрақтар туындайды: неге Қазақстан уақытша тіркеу, уақытша нөмір және әкімшілік алымдар енгізбейді, шетелдік көліктерге қызмет көрсету, бақылау, ІТ-инфрақұрылым және әкімшілік рәсімдер үшін бюджеттен қанша шығын жұмсалады, неге Қазақстан бұл шығындарды іс жүзінде тегін көтеруі тиіс, ал басқа мемлекеттер мұндай рәсімдерден ресми табыс қалыптастырады? – дейді Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжиметдинұлы.
Егер Қазақстан да осындай тең тәсілді қолданса, онда тек осы көлемнің өзінен бюджетке және қызмет көрсетуші инфрақұрылымға шамамен 5 млрд теңге көлемінде қосымша түсім қалыптасуы мүмкін еді және шекара мен кеден қызметкерлерінің шығынын өтеуге мүмкіндік пайда болар еді.
Фото: Kursiv Media



