• RU
Пятница, 24 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру

Қаржы бөлу үшін облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс берілді

Мемлекеттік қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Бюджет¬тен бөлінген қаражат сапалы әрі тиімді жұмсалып, халықтың игілігіне, экономиканы қалпына келтіруге бағытталуы тиіс. Әр салаға бөлінген бюджет қаржысы өз мақсатына жұмсалуы керек.

by Jasyn
23/07/2026
in • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру
0
Жамбыл облысында қай аудандар жоспарды орындай алмады?
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 44 мәдениет нысаны қызмет көрсетеді. Оның 1-і аудандық, 3-і ауылдық, 15-і ауылдық клуб, 24-і кітапхана және 1-і аудандық тарихи-өлкетану музейі.

Халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 82,3 пайызға жетті. Аудандық және ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда 81 үйірме жұмыс істейді, оған 913 адам қатысады.

— Аудандық мәдениет үйіне 296,6 млн. теңге және Түймекент ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 161,3 млн. теңгеге сметалық жобалық құжаттары дайындалып, қаржы бөлуге облыстық бюджеттік комиссияға ұсынылған болатын. Облыс әкімінің тікелей ықпалымен аудандық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын бастау үшін облыстық бюжетті кезекті нақтылау барысында 83,0 млн. теңге бөлініп, мердігер анықтау жұмыстары жүргізілуде, — дейді бұл жөнінде Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев.

Аудан орталығы Сарыкемерде алдыңғы жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұған бюджеттен 324,7 млн. теңге бөлінді. Ал, Жетібай ауылында жеке қаражат есебінен кешен құрылысы жүргізілуде. 2026 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

2025 жылы Бурыл, Қайнар, Аққия және Қосақ ауылдарында кіші футбол алаңшалары ашылды, ал Көктал пен Мырзатай ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Демеушілер есебінен Мырзатай, Үлгілі, Аққия және Көктал ауылдарында балалар ойын алаңдары орнатылды.  Жеңіс ауылындағы аудан бюджеті есебінен шағын футбол алаңшасына жасанды төсем төселетін болады.

Бүгінгі күнге 5 ауылға кіші футбол алаңшасы, 19 ауылға балалар ойын алаңшасын орнату қажеттілігі бар. Алдағы уақытта бұл мәселе кезең-кезеңімен, мүмкіндіктерге қарай бюджет қаражаты немесе демеушілерді тарту арқылы шешілетін болады.

Спорттық инфрақұрылым бұқаралық спортты дамытуға ықпал етіп, спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі  40,8 пайыздан 41,4 пайызға артты. 2026 жылдың 5 айында  196 спорттық іс-шара өткізілді және оған 14 603 адам қамтылды.

Білім беру саласына 2026 жылға 27,3 млрд. теңге бөлінді, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,3 %-ға кеміген. 2025 жылы бұл салаға 28 540,1 млн. теңге бөлінген болатын.

Мектепті қайта жаңартуды жүргізу бағдарламасын жүзеге асыру барысында бекітілген жоспарға күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігіне байланысты 9 мектепке  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  ЖСҚ әзірленді. Даму жоспарына сәйкес күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2026 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, 436,0 млн. теңгеге Қосақ мектебіне жапсарлас спорт зал және асхана құрылысының жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталған. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жапсарлас құрылыс нысанын 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Әрине, білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты мәселе. Ауданда 42 мектепке Дабыл түймесі орнатылған.          Құлақтандыру жүйесімен және бейнебақылау камераларымен 42 мектеп пен 20 балабақшаның барлығы қамтамасыз етілген.

Мектептерде барлығы 1494 камера болса (544-і аналогтық, 952-ы цифрлық камера), балабақшаларда 786 камера (385-і аналогтық, 401-сі цифрлық камера). Көрінбейтін аймақтарға (слепая зона) қажетті қосымша 424 камераға  Жамбыл олблысы әкімдігінің Білім басқармасына сұраныс берілді.

Персонал саны мен оқушы санын қосқанда 700-ден асатын 13 мектепке турникеттер қойылды. Аталған мектептерде мамандандырылған күзет қызметі жұмыс істейді.

Ал, Жамбыл ауданында жалпы 30 білім беру ұйымдары бар. Бұл ауданда да білім саласына бюджеттен қомақты бөлініп, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.

Нақтырақ айтатын болсақ, аудандағы 607 сынып комплектісінде 9 479 балаға 1638 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 49 сынып комплектісінде  681 бала білім алуда. Қосымша 2 жекеменшік мектеп қызмет атқарады. Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемелері (М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебі, Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы) және 1 педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті жұмыс істейді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 1,5 млрд. теңгеге 2 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде.

2026 жылы Қостөбе ауылында 100 орындық мектеп (813,9 млн.) пен Тоғызтарау ауылындағы Т.Тоқтаров орта мектебіне жапсарлас спорт зал, асхана құрылысы және қолданыстағы мектеп ғимаратын қайта жаңғырту (756,6 млн.) жұмыстары аяқталады.

2026 жылы 6 мектеп пен 1 балабақшада ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі (77,1 млн.). Атап айтқанда, мектеп ғимаратын, спорт залы, жиналыс залы мен асхананың шатырын, өрт дабылын, электр желілерін ағымды жөндеу және ойын алаңдарын абаттандыру жұмыстары. Бүгінге күнге жөндеу жұмыстары басталды.

2026 жылға «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Жамбыл облысы» жобасы аясында аудан бойынша 8 мектепте 21 кабинет физика, химия және биология пәндері кабинеттерін зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2026 жылы 20 мектепке 11 млн. теңгеге 23 сынып жиһазы комплектісі сатып алу жоспарлануда.

Фото: OpenNews

 

 

Tags: Жамбыл облысы Байзақ ауданықаржыоблыстық бюджет
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет қаражаты есебінен 30 пәтер сатып алынады

Бюджет қаражаты есебінен 30 пәтер сатып алынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық оқушылар ақш-та өткен робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық оқушылар ақш-та өткен робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

3 года ago
Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартып жатыр

Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартып жатыр

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In