• RU
Четверг, 23 апреля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Прокурор блогер жұп Жанәбілов пен Төлегеноваға 4 жылға дейін жаза сұрады

2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында аға прокурордың көмекшісі Олжас Хайруллаев блогер жұп Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сұралған жазаны мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

by Jasyn
23/04/2026
in құқық
0
Прокурор блогер жұп Жанәбілов пен Төлегеноваға 4 жылға дейін жаза сұрады
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Іс бойынша сот тергеуі аяқталып, сот жарыссөз кезеңіне өтті.

Мемлекеттік айыптаушы жарыссөз барысында соттан Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованы кінәлі деп танып, әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Жанәбіловқа Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша – 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, ал 218-баптың 2-бөлігі 1-тармағы бойынша – мүлкін тәркілей отырып 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді ұсынамыз. Осы жазаларды біріктіру арқылы түпкілікті 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп, оны ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу көзделсін. Сондай-ақ оны сот залында қамауға алуды сұраймыз».

Прокурор

Сонымен қатар, Төлегенованы да Қылмыстық кодекстің осы баптары бойынша кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай және 4 жыл бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалуы ұсынылды. Жазаларды біріктіру нәтижесінде оған да түпкілікті 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді, мүлкі тәркіленеді. Алайда бұл жазаны орындау 1 жылға кейінге қалдыру ұсынылды. Үкім заңды күшіне енгенге дейін оған қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, елден шықпау туралы қолхатқа ауыстыру сұралды.

Еске салсақ, 2025 жылғы 24 тамызда Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілерде құнды сыйлықтардың ұтысын өткізген блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың әрекеттерін лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді бастағаны белгілі болды.

5 қыркүйекте Астананың Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Ерболат Жанәбіловқа қатысты заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша іс қаралды. 15 қыркүйекте Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қаралды. Артынша, оларға қатысты материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне жіберілді. 16 қазанда Қаржы мониторингі агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Фото: Zakon.kz

Tags: блогер жұп Жанәбілов пен Төлегеновазаңсыз лотерея өткізуҚаржы мониторингі агенттігі
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған

Тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған

9 месяцев ago
Задержан гражданин, находившийся в международном розыске 14 лет

Задержан гражданин, находившийся в международном розыске 14 лет

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In