• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Президент қызметін бермей, жылдар бойы отыратын шенеуніктерді сынға алды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Президент қызметін бермей, жылдар бойы отыратын шенеуніктерді сынға алды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мемлекеттік басқару саласында кешенді реформа керектігін алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік басқару саласына да кешенді реформа керек. Аталған салаға тән бірнеше проблема бар. Ол кадрлық потенциалдың төмендігі, жемқорлық, формалдылық және кадр тапшылығы мен тұрақтамауы. Сондықтан да халықтың мемлекеттік басқару мен билікке деген сенімі төмен. Осы орайда мемлекеттік қызметке алу талабын жетілдіру қажет. Қызметке алу талабының артық, керек емес тұстарын алып тастау керек және мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер үшін еш кедергі болмауы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында. Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметке іріктеу әділ әрі жоғары деңгейде өтуі тиіс.

«Елге қызмет етемін деген кез келген қазақстандық үшін мемлекеттік қызмет ашық болғаны жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтен кету процесін де қайта қарау керек. Өйткені, кейбір шенеуніктер кабинетінде жылдарын өткізеді. Олар жас мамандардың өркендеуіне жол бермей, мемлекеттік аппараттың тиімділігін төмендете түсуге әсерін тигізуде. Ондай шенеуніктермен қоштасу керек. Дегенмен мемлекеттік басқару саласында шенеуніктің институционалдық жады да маңызды. Яғни бір күнге бүкіл шенеунікті алып тастап, оларды жастарға ауыстыру да жөн емес. Бұл жерде салмақты шешім қажет. Егер 60 жастағы шенеунік өз қызметін ойдағыдай атқарып, мемлекетке пайдасын тигізіп отырса ондай маманға тиіспеу керек», — дейді ол.

Сондай-ақ, Президент Үкімет пен мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке мемлекеттік басқарудың жаңа механизмін әзірлеуді тапсырды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда өте бай адамдар пайда болды, олардың халыққа көмектесетін кезі келді – Президент

Қазақстанда өте бай адамдар пайда болды, олардың халыққа көмектесетін кезі келді – Президент

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда 1 миллион тоннадан астам пияз жиналды

Жамбылда 1 миллион тоннадан астам пияз жиналды

4 года ago
«Жастар практикасы» — тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін мол мүмкіндік

«Жастар практикасы» — тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін мол мүмкіндік

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In