Бұл оқиға Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орын алған.
«UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың әйелі жол-көлік оқиғасына ұшырап, оның екі жолаушысы қаза тапты. Гүлайым Рахмонова ұлы және достарымен Қарағандыдан Алматыға келе жатқан. Алматы-Екатеринбург тас жолының 296-шы шақырымында Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлік аударылып, ол рөлге ие бола алмай қалды. 39 жастағы әйел сол жерде, ал 35 жастағы тағы бір әйел ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Рахмонова мен ұлы Шу қаласындағы ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр», – делінген дүйсенбі күні тараған хабарламада.
Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Фото: Қармақшы таңы