• RU
Пятница, 4 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Спорт

Отандық телеарналар Елдос Сметовтің қола алған сәтін көрсеткен жоқ

by Jasyn
06/03/2024
in Спорт
0
Отандық телеарналар Елдос Сметовтің қола алған сәтін көрсеткен жоқ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін иеленді. Дзюдодан 60 келіде сынға түскен Елдос Сметов қола жүлдегер атанды. Бір қызығы, Елдостың белдесулерін отандық телеарналардың бірде-бірі көрсеткен жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл отандық жанкүйерлердің ашуына тиді. Әсіресе, журналист Михаил Козачков бұл мәселені төтесінен қойып, Олимпиаданы дер кезінде көрсетпеген отандық телеарналарды сынға алды.

«Дзюдошы Елдос Сметов Қазақстанның Олимпиададағы бірінші медалін алды, құттықтаймыз! Ал журналист Данара Жұманова Қазақстандағы жалғыз салалық арнаның не көрсетіп жатқанын жеткізді. Мұнда әйелдер футболын көрсетуде, ал маңызды кездесулерді жанкүйерлер интернеттен іздеп әлек. Осы үшін 7 миллион доллар төледі ме, Ақтоты Рахматуллаевна», — деп жазды Козачков.

Спорт журналисі Ақырыс Сейтқазы да Олимпиада көрсетілімін дұрыс көрсете алмаған отандық телеарналарға өкпесін айтты.

«Дәл қазір Токио Олимпиадасында дзюдодан белдесулер өтіп жатыр. Бізден Елдос Сметов бар, жартылай финалда күреседі. Спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі өтуде, бізден Милад Карими бар. Оның да нәтижесі жаман емес. Велоспорттан жүлде жоқ, біздің шабандоздар командалық жарысқа қатысуда. Жекелей және жұптық сында теннис бәсекесі өтіп жатыр. Бір қызығы, осылардың біреуі де Қазақстан, Қазспорт, Хабардың эфирінде жоқ! Жан-жақтан іздеп, тиіп-қашып көріп отырмын. Бокстан Серік Теміржановтың жекпе-жегін ғана Хабар көрсетті. Біздің спортшыларды көрсетпейтін болса, жыр қылып несіне сатып алды трансляцияны? Өзбек арналары аман болсын! Дзюдоны толық осы жерден көріп шықтым! Хабар мен Қазақстанға сәлем айта барыңыздар!», — деп жазды журналист.

Айта кетелік, қазақстандық телеарналар Олимпиаданы көрсету құқығын ең соңғы сәтте қымбат бағаға сатып алғанын жариялаған еді. Алайда, Токиодағы Қазақстанның алғашқы медалін ешбір арна тікелей эфирде көрсеткен жоқ.

Сол арада «Қазақстан» телеарнасы ресми Instagram парақшасында бұл жайтқа қатысты жазба жария етті. «Токио Олимпиадасын көрсету құқығы жарыс басталар уақытта алынғандықтан, спорттық шараларды тікелей эфирде көрсету барысында біршама қиындықтар туындап жатыр. Сигналды қабылдайтын техниканы тексеру және тесттен өткізуді құқықты сатып алмай тұрып жүргізу мүмкін емес. Сондықтан телеарналардың алдын ала дайындық жүргізуге мүмкіндігі болған жоқ.

Техникалық жағынан келеңсіздіктердің туындау қаупін болжай отырып, қолда бар мүмкіндікпен Олимпиаданың бүгінгі бағдарламасы эфирлік кестеге енгізілді. Алайда жанкүйерлер отандастарымыздың кейбір сайыстарын тікелей эфирде тамашалай алмады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі» АҚ қызметкерлері бар мүмкіндіктерді пайдаланып, олқылықтарды жөндеуге тырысып жатыр. Сигналды тесттік режимде қабылдау бір немесе екі күн уақытқа созылуы мүмкін екенін ескерте отырып, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Мәселе ерте шешімін тапқан жағдайда ресми парақшаларымыз арқылы хабардар ететін боламыз», — делінген парақшада.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Тағы да антирекорд: Елімізде бір тәулікте 6631 адамнан коронавирус анықталды

Тағы да антирекорд: Елімізде бір тәулікте 6631 адамнан коронавирус анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

404 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған

404 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған

1 неделя ago
Сотталған әйелдерге амнистия жасауды ұсынды

Сотталған әйелдерге амнистия жасауды ұсынды

5 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In