• RU
Суббота, 8 августа, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Орталық Азия елдері Сырдария бассейнінде су есебін автоматтандыру жоспарының жобасын әзірлеуді мақұлдады

by Shamshi Abdirash
07/08/2026
in Без рубрики, Топ
0
Орталық Азия елдері Сырдария бассейнінде су есебін автоматтандыру жоспарының жобасын әзірлеуді мақұлдады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 94-отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джума, Түрікменстанның Мемлекеттік су шаруашылығы комитетінің төрағасы Дурды Генджиев, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов қатысты.

Тараптар 2026 жылғы вегетация кезеңіне арналған Сырдария және Әмудария өзендері бассейндеріндегі су қоймаларының жұмыс режимдері мен су бөлу лимиттерін қарады. Сонымен қатар Сырдария өзені бассейнінде су ресурстарының есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарының жобасын әзірлеу мәселесі талқыланды. Отырысқа қатысушылар құжатты әзірлеуді мақұлдады. Биылғы қыркүйекке дейін осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құру жоспарланып отыр.

Су шаруашылығы ведомстволарының басшылары Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Орталық Азия елдерінің су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша өңірлік ынтымақтастыққа арналған гранттық жобаның (CAWEC) іске асырылу барысын да қарастырды. Сондай-ақ күн тәртібінде Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңестерінің шешімдерінен туындайтын міндеттердің орындалуы талқыланды.

🗣️«Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы көп жыл бойы Орталық Азиядағы су шаруашылығы саласындағы шешімдерді келісуге арналған негізгі кәсіби алаң болып келеді. Дәл осы жерде Сырдария мен Әмудария өзендері бассейндерінің трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқарудың тиімді тәсілдері әзірленіп, өңір мемлекеттерінің мүдделер теңгерімі мен алдағы кезеңдегі су пайдаланудың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі»,
– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, МСШҮК-ның үйлесімді жұмысының арқасында биыл Шардара су қоймасына тұрақты су келуі қамтамасыз етілді. 2026 жылғы 1 сәуірден бері су қоймасына шамамен 3 млрд текше метр су түсті. Бұл өткен жылдың және көпжылдық орташа көрсеткіштерден жоғары. Вегетация кезеңі аяқталғанға дейін су келуі жалғасады деп күтіліп отыр. Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін су штаттық режимде беріліп жатыр.

Орталық Азия Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі, 95-отырысы Түрікменстанда өтеді.

Shamshi Abdirash

Shamshi Abdirash

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын

Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын

2 года ago
Атыраудың бас имамы мешітке тиесілі төрт көлікті сатып жіберген

Атыраудың бас имамы мешітке тиесілі төрт көлікті сатып жіберген

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In