• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл белдеу

Орман екпелері тұқымбақтарда көбейтілуде

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл белдеу
0
Орман екпелері тұқымбақтарда көбейтілуде
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 миллион 427 мың гектар алқапты алып жатыр. Оның орман ағаштары көмкерген алқабы 2 миллион 357 мың гектарды құрайды. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын, ал орманды жерлері 15,5 пайызын алып жатыр.

Осынау аумақты орман шаруашылығы мекемесінің 931 қызметкері қорып, күзетумен қатар, оны ұлғайту жұмыстарын да атқарып келеді. Өткен жылы орман екпелері 3054 гектар алқапқа отырғызылып, 2750 гектарға сексеуіл тұқымы себілген еді.

Жылда мемлекеттік орман қоры аумағындағы 5000 гектар алқапқа орман ағаштары көшеттен және тұқымынан егіліп келеді. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты халққа жолдаған Жолдауына сәйкес республика бойынша отырғызылатын 2 миллиард ағаштың 140 миллион түп ағашы 2021-2025 жылдары Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорына отырғызылуы тиіс. Бұл тапсырманы орындау мақсатында «Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы» кешенді жоспар бекітілген. Сол жоспарға сәйкес, биыл 13 660 гектар алқапқа 24,5 миллион дана ағаш отырғызу жоспарланған, — дейді орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бөлімінің басшысы Данияр Башанов.

Өткен жылы мекемелерде жоспар бойынша 49 гектарға тұқымбақ (қарағаш, жүзген, сексеуіл) жасақталып, онда 1 миллион 432 мың қарағаш, 4 миллион 837 мың сексеуіл көшеті өсірілген. Жоспарға сәйкес 4,4 гектар алқапты алып жатқан тұқымбаққа 25 мың дана қарағай, шырша, арша, басқа да қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылған. Күзде сексеуіл тұқымбақтары 44 гектарға арттырылып, тұқымбақтар көлемі 93 гектар алқапқа жеткізілмек.

Биыл жоспарға сәйкес орманды молықтыру және қалпына келтіру үшін көктемде 5190 гектарға 15,2 миллион дана көшет отырғызылған. Бұдан бөлек, 250 гектар алқапқа 253 мың дана көшет отырғызылып, орман қорына толықтару жұмыстары атқарылған. Енді күзде 8190 гектарға жоспардан қалған 9,3 миллион дана ағаш көшетін тұқымнан себу жұмыстарын орындау көзделген. Осылайша, бүгінгі таңда бұл жоспар белгіленген меже аясында орындалуда.

Енді күз айларында 4 мың гектар орман қорына 20 мың килограмм сексеуіл ағашының тұқымын себу жұмыстары жоспарлануда.

Jasyn

Jasyn

Next Post
В Жамбылской области увеличилось количество медведей и снежных  барсов

В Жамбылской области увеличилось количество медведей и снежных барсов

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Жаңа лептің» салған әндеріне бүкіл Тәжікстан ғашық болды

«Жаңа лептің» салған әндеріне бүкіл Тәжікстан ғашық болды

6 месяцев ago
Ұшақ апаты: Алматы облысында әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды

Ұшақ апаты: Алматы облысында әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In