• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Миллиардтаған теңгеге салынған қоқыс өңдеу зауыттары жұмыс істемейді

Елімізде жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна коммуналдық қалдық пайда болады. Өткен жылы бүкіл елімізде 5,5 мыңнан астам заңсыз полигон бар екені белгілі болды. Сенатор Закиржан Кузиевтің айтуынша, қазір қоқыс мәселесімен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар тиісті нәтиже бермей келеді.

by Jasyn
18/03/2024
in Әлеумет, Топ
0
Миллиардтаған теңгеге салынған қоқыс өңдеу зауыттары жұмыс істемейді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қауіпті және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және кәдеге жарату кезінде қолдаланылатын технология нормативке сәйкес келмейді. Дегенмен бұл ретте ауқымды бюджет қаржысы игеріліп жатыр. Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі Орталық Азиядағы ірі зауыт құрылысының Алматыда салынуы бірден-бір маңызды жетістік екені белгілі. Алайда, қазір, өкінішке орай, ол жабылып қалды. Ақтөбе мен Семейде бес миллиард теңгеге салынған екі жаңа зауыт та тоқтап тұр. Экология министрлігінің қоқыстарды сұрыптаудағы табыс жөніндегі есебі үміт отын жағады, алайда шындықтың ауылы алыста жатыр», — деді сенатор.

Депутаттың ақпараты бойынша, межеленген 18-20% қалдықтың орнына шамамен 5-6% ғана сұрыпталады, қалғаны полигонға жіберіледі. Депутат мысал ретінде Еуропа елдерінің тәжірибесін атап өтті. Олардың принципі қалдықтарды азайту, оларды қайта өңдеу және қайта пайдалану болып табылады. Сенатор Германия 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды көметін полигондардан бас тартуды жоспарлап отырғанын және оларды қайта өңдеуді ынталандыратынын атап өтті.

«Қоқыспен жұмыс істеу жағдайын жақсарту үшін бұдан былай қайта өңдеуге жатпайтын қаптаманы пайдалануға тыйым салуды, қоқысты ең алғаш жинақтау орындарында қалдықты сұрыптау жүйесін енгізуді, қоқысты уақтылы шығармағаны және рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі үшін айыппұлды ұлғайтуды, сондай-ақ шетелдік инвесторларды белсенді тарта отырып және әлемдік тәжірибені пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау зауыттарын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз»,- деді сенатор Закиржан Кузиев өзінің депутаттық сауалында.

 

 

 

 

Tags: қоқыс өңдеу зауыттарСенатор Закиржан Кузиев
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жаңа бағдарлама бойынша кімдер баспана ала алады?

Жаңа бағдарлама бойынша кімдер баспана ала алады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық оқушылар информатика бойынша халықаралық олимпиададан құрама қоржынына екі медаль әкелді

Қазақстандық оқушылар информатика бойынша халықаралық олимпиададан құрама қоржынына екі медаль әкелді

2 года ago
929 миллиард теңге субсидия бөлінсе де, салада серпіліс жоқ

929 миллиард теңге субсидия бөлінсе де, салада серпіліс жоқ

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In