• RU
Суббота, 20 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Медицина қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді

Елімізде медицина саласы тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі нәтижесінде салада оң көрсеткіштер қалыптасуда. Бірқатар аудан әкімдіктері жергілікті медицина қызметкерлерін жоғары жетістігімен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыс пен жаңа белестер тіледі.

by Jasyn
19/06/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Медицина қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атап айтар болсақ, Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан медицина саласының ардагерлерін арнайы қабылдады.

Сонымен қатар аудан басшысы Арман Романұлы — Денсаулық сақтау саласы – қоғамның ең маңызды салаларының бірі. Сіздер саналы ғұмырларыңызды халық денсаулығын қорғауға арнап, талай жанның өміріне араша болдыңыздар. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында көптеген азаматтар сауығып, отбасыларына аман оралды. Сіздердің өмір жолдарыңыз бен еңбек тәжірибелеріңіз кейінгі буын дәрігерлер үшін үлкен өнеге. Ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді.

Кездесуде медицина саласының ардагерлеріне «Еңбек ардагері» төсбелгісі тағылып, аудан әкімінің Құттықтау хаты табысталды. Сондай-ақ қазақы дәстүрге сай иықтарына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Өз кезегінде медицина саласының ардагерлері көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, медицина қызметкерлеріне жасалып жатқан қолдау мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар үшін аудан басшысына алғыстарын жеткізді.

Тағылымы мол кездесуде ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, ақ баталарын берді.

Қоғам денсаулығы жолында ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарған ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет – олардың ел алдындағы ерен еңбегіне деген шынайы ризашылықтың белгісі.

Сондай-ақ, Төлеби аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев қатысып, сала мамандарын құттықтады.

Құттықтау сөзінде Әуесбек Әсілбек мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, медицина қызметкерлерінің халық денсаулығын сақтау жолындағы ерен еңбегіне жоғары баға берді.

Мерекелік жиын барысында ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар медицина қызметкерлері аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Тағы бір айтары, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде ақ халатты абзал жандардың еңбегін ұлықтауға бағытталған мерекелік жиын өтіп, денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың қоғам алдындағы өлшеусіз еңбегі жоғары бағаланды.

Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы Асқар Болатов, ауданның бас дәрігері Бекзат Сланов, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты іс- шарада сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың халық денсаулығын сақтау жолындағы ерен еңбегіне жоғары баға берді.

– Әрбір мемлекеттің басты байлығы – оның азаматтары болса, адам үшін ең қымбат қазына – денсаулық. Осы орайда медицина қызметкерлерінің қоғамдағы орны әрдайым ерекше. Сіздер күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, кәсіби шеберліктеріңіз бен тәжірибелеріңізді ел игілігі жолында жұмсап келесіздер. Аудан тұрғындары атынан денсаулық сақтау саласын дамытуға қосып отырған үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді ол.

Мерекелік жиын барысында аудан әкімінің орынбасары денсаулық сақтау саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы да медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала ардагерлері мен үздік мамандарды Алғыс хаттармен, арнайы құрмет төсбелгілерімен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Салтанатты іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Фото: Егемен Қазақстан

 

 

 

Tags: денсаулық сақтау саласыМедицина қызметкерлеріне құрмет
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ана мен бала денсаулығын қорғауда нақты нәтижелер бар

Ана мен бала денсаулығын қорғауда нақты нәтижелер бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары

5 лет ago
Айдос Сарым: Президент 180 күнді белгіледі, осы уақыт ішінде жағдайды біржақты қылу керек

Айдос Сарым: Президент 180 күнді белгіледі, осы уақыт ішінде жағдайды біржақты қылу керек

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In