• RU
Понедельник, 27 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Мансап орталығы өз мамандығым бойынша жұмыс тауып берді

Жасыратыны жоқ, оқу орнын бітіріп, диплом алғаннан кейін түлектердің көпшілігі мамандықтары бойынша бірден жұмысқа орналаса алмайды. Кейбірі алған дипломдарын сандыққа салып, басқа салада жұмыс істеуге мәжбүр.

by Jasyn
27/07/2026
in • Жастар саясаты
0
Мансап орталығы өз мамандығым бойынша жұмыс тауып берді
0
SHARES
48
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл тұрғыда елімізде жас мамандарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған. Иә, мемлекет тарапынан жас мамандарды қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Әсіресе «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы осы уақытқа дейін талай жастың екі қолға бір күрек тауып, еңбек нарығына қосылуына үлкен мүмкіндік берді. Кез келген жұмыс беруші қол астында тәжірибелі маманның болғанын қалайды.

Осы ретте Жамбыл облысы Қордай ауданындағы мансап орталығы арқылы аталған бағдарлама аясында жұмысқа жолданып, бір жылдан кейін тұрақты жұмысқа тұруға мүмкіндік алған, бүгінде мамандығының мақтанышына айналған Дариға Тукен жайлы сөз қозғамақпыз.

Дариға Жайыққызы — Қордай ауылында туып өсті. 2021 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепті тәмамдаған соң, жүрек қалауымен «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжіне «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығы бойынша оқуға түсіпті. Қарапайым еңбек адамдарының отбасында тәрбиеленген Дариға отбасының үлкені. Әкесі көлік жүргізушісі болып еңбек ете жүріп, балаларына қолынан келген жағдайды жасап бақты. Үйдегі ағасы мен сіңлісі де оның әрбір жетістігіне мақтанышпен қарайды. 2025 жылы колледжді тәмамдап, қолына диплом алғаннан кейін жас түлектің алдында үлкен өмір есігі айқара ашылды. Тұлымы желбіреп өскен жас қыз есейді, адал еңбекпен өмір сүру үшін еңбек нарығына араласуына тура келді.

Дариға колледжді бітірген бойда уақыт жоғалтпай, аудандық мансап орталығының қызметіне жүгінуді жөн көрді. Дәл осы ойы оны кәсіби өміріндегі жаңа белестің бастауына жетеледі. Кейіпкеріміз мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 2025 жылдың шілде айында «Балбала» балабақшасына жолдама алады. Баянды бағдарлама жас маманға тәжірибе жинақтауға, ұжыммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге, өзін жан-жақты көрсетуге үлкен мүмкіндік берді. «Жастар тәжірибесі» бойынша еңбек етіп жүргенде мемлекет тарапынан айына 95 000 теңге көлемінде еңбекақы төленіп тұрды. Осы уақыт ішінде өзінің еңбекқорлығымен, балаларға деген мейірімімен көзге түскен Дариға тәжірибе мерзімі аяқталған соң, осы жерге тұрақты жұмысқа қабылданған. Анығы, 2026 жылдың наурыз айынан бастап «Балбала» балабақшасына тұрақты түрде тәрбиеші лауазымына қабылданып, бүгінде сүйікті ісін бар ынтасымен атқарып жүр.

– Дипломымды қолыма алғаннан кейін бірден аудандық мансап орталығына бардым. Ондағы мамандар бітіруші түлектерге мамандықтарына сәйкес жұмыс орындары ұсынылатыны туралы алдын ала хабарлаған болатын. Сол мүмкіндікті мүлт жібермей, балабақшаға «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмысқа орналастым. Мансап орталығының мамандарына айтар алғысым шексіз. Өйткені олар барлық қажетті ақпаратты егжей-тегжейлі түсіндіріп, құжаттарды рәсімдеуге көмектесті және өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасуыма үлкен қолдау көрсетті. Балабақшаға жұмысқа тұру өзімнің саналы түрде жасаған таңдауым десем болады. Негізінде бүлдіршіндерді жанымдай жақсы көргендіктен және болашақ ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қосқым келгендіктен осы мамандықты таңдадым. Сондықтан мамандығым бойынша балабақшаға жұмысқа орналасу өзім үшін үлкен қуаныш болды. Тәжірибеден өту кезінде 95 мың теңге айлықақы алсам, «Жастар тәжірибесі» аяқталғаннан кейін, ұжым жылы қабылдап, тұрақты жұмысқа қалдырды. Қазіргі еңбекақым – 100 мың теңге. Алғашқы еңбек жолымда маған тәлімгер болып балабақша меңгерушісі Ақмарал Әбілдаева бекітілді. Ол кісіден үйренгенім өте көп болды. Ақмарал Аңсабекқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, күнделікті жұмыс барысының қыр-сырын үйретті. Бүгінгі таңда күнделікті міндетім – балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету, олардың жас ерекшеліктеріне сай оқу іс-әрекеттері мен қызықты ойындарын ұйымдастыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар балалардың күн тәртібін қатаң сақтап, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеуге тырысып келемін, – дейді ол.

Ал балабақша меңгерушісінің айтуынша, мұнда 70 бүлдіршін тәрбиеленуде. Олардың жан-жақты тәрбие мен білім алуына 10 қызметкер тер төгуде.

– Бүлдіршіндердің тұлға болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы балабақшадан басталады. Осы ретте, балақайларға жастайынан жөн сілтеп, олардың қиялына қанат бітіріп жүрген тәрбиешілердің еңбегі ерекше. Мекемедегі 70 бүлдіршіннің жан-жақты тәрбие алып, сапалы білім нәрімен сусындауы үшін 10 білікті қызметкер аянбай тер төгіп келеді. Осы ұйымшыл ұжымның ішінде өзіндік қолтаңбасымен, ізденімпаздығымен дараланып, қысқа уақыт ішінде мақтаулы жанға айналған жас маманның бірі – Дариға Тукен. Біздің ұжымға алғаш келген күннен бастап өзінің еңбекқорлығымен, жоғары жауапкершілігімен және кәсіби шеберлігімен бірден көзге түсті. Өз ісінің нағыз маманы екенін іс жүзінде дәлелдей білді. Жас та болса, бала тілін тауып, әр бүлдіршіннің жүрегіне жылылық ұялата алды. Соның арқасында бүгінде ол баласын сеніп тапсырған ата-аналардың да зор сеніміне ие болып отыр. Осындай жастар барда балабақшамыздың болашағы жарқын деп нық сеніммен айта аламын, – дейді Ақмарал Аңсабекқызы.

Шынында да, баланың балдәурен шағының бақытты өтуіне себепкер болатын ата-анасы мен ұстазы десек қателеспейміз. Ал осынау жауапкершілікті терең сезініп, әр баланың бойындағы талант көзін аша білетін зерек, өз ісін шексіз сүйетін Дариға сынды мамандар барда еліміздің ертеңі баянды болмақ.

Фото: egemen.kz

Tags: жас маманМансап орталығы
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қуат Хамитов босатылды

Қуат Хамитов босатылды

5 лет ago
Қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспаптарды тегін үйрене алады

Қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспаптарды тегін үйрене алады

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In