Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың өзін-өзі тануына ықпал ету, туындаған мәселелердің мәні мен себептерін түсінуге көмектесу, сондай-ақ қиын жағдайлардан шығу жолдарын табуға бағыт беру болды. Сессия барысында психологтар метафоралық ассоциативті карталар (МАК) техникасын қолданды.
МАК карталары – адамның бейсаналық ойларын, жасырын эмоцияларын және ішкі жан дүниесін ашуға мүмкіндік беретін тиімді психологиялық құрал. Бұл әдіс қатысушылардың өз сезімдерін еркін білдіруіне, ішкі ресурстарын анықтауына және психологиялық жай-күйін жақсартуына ықпал етеді.
Сессия барысында сотталғандар өз ойларымен бөлісіп, жеке тәжірибелеріне талдау жасады. Психологтар қатысушыларға эмоционалдық күйзелістерді жеңу, өз-өзіне сенімділікті арттыру және өмірлік құндылықтарды қайта бағалау бағытында қолдау көрсетті.
Мекеме психологтарының айтуынша, МАК әдісі сотталғандармен сенімді байланыс орнатуда, күйзеліспен жұмыс жүргізуде және түрлі психологиялық тренингтер өткізуде кеңінен қолданылады. Осындай іс-шаралар сотталғандардың психологиялық саулығын нығайтуға және олардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізеді.



