• RU
Вторник, 14 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын емдеуге ерекше көңіл бөлінген

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында халық арасында көкала аталып кеткен жұқпалы қауіпті дерттің – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы, аурудың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етті.

by Jasyn
13/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын емдеуге ерекше көңіл бөлінген
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы алғанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (ҚҚГҚ) — аса қауіпті инфекциялар тобына жататын жіті вирусты ауру. Қоздырғышы — Bunyaviridae тұқымдасына жататын Nairovirus, ол қан кетумен сипатталатын ауыр қызбаны тудыра алады. Аурудың ауыр жағдайларында өлім-жітім деңгейі 30 пайызға дейін жетеді. Қоздырғыштың негізгі тасымалдаушылары — иксодты кенелер.

Кеңес барысында Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, Ветеринария басқармасы және өзге де жауапты мекемелердің басшылары баяндама жасап, өңірде жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттерді талқылады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, медицина ұйымдары аса қауіпті инфекцияларға, оның ішінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті науқастарды дер кезінде анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша толық дайындықта жұмыс жүргізіп жатыр. Өңірдің барлық медициналық ұйымдарында дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Биыл Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы, оба және тырысқақ сияқты аса қауіпті инфекциялар бойынша жүздеген семинар ұйымдастырылып, медицина қызметкері оқытылды.

Денсаулық сақтау ұйымдарында қажетті дәрілік препараттар мен жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қоры жасақталған. Медициналық мекемелерде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын емдеуде қолданылатын «Рибавирин» препараты, қорғаныш киімдері, бетперделер, респираторлар, медициналық қолғаптар және антисептикалық құралдар жеткілікті көлемде сақталуда. Облыс бойынша жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын қоры да толық дайындыққа келтірілген.

Үйлестіру кеңесінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуда медицина саласы ғана емес, ветеринария, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және жергілікті атқарушы органдардың өзара үйлесімді жұмысының маңызы ерекше екені атап өтілді. Осыған байланысты аудан, қала әкімдіктеріне елді мекендердегі санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту, қора-жайлар мен ауыл шаруашылығы жануарларын жоспарлы залалсыздандыруды сапалы ұйымдастыру, кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, шілде айынан бастап кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының екінші кезеңін уақтылы өткізу, ауыл шаруашылығы жануарларын толық қамту, арнайы тоғыту және бүрку алаңдарының жұмысын ұйымдастыру, дәрі-дәрмек пен қажетті материалдардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.

Кеңес қорытындысында жауапты мекемелерге халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығын тұрақты жетілдіру, күдікті жағдайларды ерте анықтау және зертханалық тексерулерді уақтылы жүргізу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

Мамандар тұрғындарды табиғат аясында, мал қораларында немесе жайылымдық жерлерде болған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Денеге кене жабысқан жағдайда оны өздігінен жаншып немесе жұлмай, мүмкіндігінше медициналық ұйымға жүгіну қажет. Ал дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, бас ауруы немесе өзге де белгілер байқалған жағдайда уақыт оздырмай дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Жалпы жұқпалы аурулар туралы сөз қозғайтын болсақ, Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 13,1%-ға, өлім 25%-ға төмендегенін айтады. Соңғы бес айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда туберкулезге қатысты негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрақты оң динамика сақталуда.

Осы кезеңде туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 13,1%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 28,6 жағдайды құрады. Аурудың таралу көрсеткіші 14,0%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 37,0 жағдайға дейін төмендеді. Ал туберкулезден болатын өлім бірден 25,0%-ға қысқарып, 100 мың тұрғынға шаққанда 0,7 жағдайды құрады.

Оң динамика балалар арасында да байқалады. 0–17 жас аралығындағы балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық 5,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, 2024 және 2025 жылдары елімізде балалардың арасында туберкулезден қайтыс болудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Фото: Bozyq.kz

 

Tags: Конго-Қырым геморрагиялық қызбаСанитариялық-эпидемиологиялық бақылауТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мүгедектігі бар балаларға бар мүмкіндік жасалуы тиіс

Мүгедектігі бар балаларға бар мүмкіндік жасалуы тиіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

99,8 млн теңге заңсыз салық салған

99,8 млн теңге заңсыз салық салған

2 года ago
Жетісайлық диқандар 40 тонна қырыққабатты нарыққа шығарды

Жетісайлық диқандар 40 тонна қырыққабатты нарыққа шығарды

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In