• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Көлік қымбаттай береді»: Маман 4%-дық автонесиелеу бағдарламасына баға берді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
«Көлік қымбаттай береді»: Маман 4%-дық автонесиелеу бағдарламасына баға берді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылады. Халық алғашқы жарнасыз, 4 пайыздық үстемемен жаңа көлік алуға мүмкіндік алады!» Бұл жаңалық көпшілікті қуантқаны рас. Көлікті өмір сүру құралына айналдырған қарапайым халықтың басым бөлігі утилизациялық алымның төмендеуін, автонесиелеу бағдарламасының қосылар күнін тағатсыздана күтіп жүр. Алайда «Утильсборға жол жоқ» қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі Нұраддин Садықовтың айтуынша, қуануға әлі ерте. Ол жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына көзқарасын Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада жаңа бағдарлама бойынша берілетін көліктердің тізімі жарияланды.

«Бұл қуанатын жаңалық емес. Берілген көліктердің санын қараңыз, 24 көлік. Оның ішінде тек Hyundai-дың үш моделі ғана Astana Motors компаниясына тиесілі, қалғанының бәрі «Сарыарқа АвтоПром»-ға қатысты дүниелер», – деген Нұраддин Садықов мұндай жағдайда бюджеттен бөлінген қаржы тек бірнеше адамның баюына себеп болатынын ашық мәлімдеді.

Айта кететін жайт, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына мемлекеттік бюджеттен 150 миллиард теңге бөлінеді, ал «Оператор РОП-тан» 100 миллиард теңге алынады деп хабарланды.

«Бұл дайын тұрған дүниені қалайда бөліп алу. Халықтың ақшасы жиналып тұр. «Оператор РОП-тың» қызметі күмәнді екені белгілі. Біз аудиторлық тексеру жүргізіп, ақшаны кері қайтаруын талап еттік. Алайда олай болған жоқ. Халықтың өз бидайын өзіне қуырып беріп жатыр. Және пайыздық үстемемен несиеге қуырып беріп жатыр. Оған қоса, халықтың қазынасынан 150 миллиард теңге 2-3 адамның бизнесін дөңгелетіп жүргізуге бөлініп отыр», – дейді маман.

Жаңа бағдарлама бойынша бөлінген қаржыдан 2022 жылы  – 30 миллиард теңге, 2023 жылы – 45 млрд теңге, 2024 жылы — 50 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр. Садықовтың айтуынша, бұл алдағы жылы көліктің тапшылығы мәселесін шешпейді. Себебі берілген көліктердің орташа құнын 7,5 млн теңге деп алған кезде, 30 млрд теңгеге небәрі 4 мың қазақстандық көлік міне алады.

«Ол қай жыртыққа жамау болады? Өздері қазірдің өзінде 15 мың адам кезекте тұр, дейді. 4 мың адам көлікті болса, қалған 11 мың адам келесі жылды күтуі керек пе?

Оның үстіне автопромның бірден көлік бере салатын мүмкіндігі жоқ. Қазірдің өзінде хабарлассаңыз, 10-20 пайызын төлеп, күтіп жүргендер көп. 4-5 айлап күтеді», – дейді Нұраддин Садықов.

Ал енді көпшілікті мазалайтын сұрақ, елде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылса, жүрілген көліктердің бағасы төмендей ме?

«Жоқ. Өзі 4-ақ мың көлік. Ол жаңадан кіріп жатқан көлік емес. Сатылып жатқан көліктерді мемлекеттің есебінен сатып жіберу. Басқа ештеңе емес. Бұл жерде еңбек өнімділігі, өндіріс артпайды. Дефицит күйінде қалады. 4 емес, 16 мың көлік алып келсе де, ол тапшылықты жоя алмайды. Бізге жылына 350-400 мың көлік кіріп отыру керек. Қазіргі жағдайда 500 мың кірсе де, артық емес. Себебі нарық қурап қалды. Утилизациялық алымды 90 пайызға, яғни 100 мың теңгеге түсірмесе, көліктің бағасы құлайды дегенге сенбеймін. Көлік қымбаттай береді, өйткені дефицит жойылмайды», — деп мәлімдеді Садықов.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды

Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ұлыбритания омикрон штамынан көз жұмған алғашқы дерек тіркелді

Ұлыбритания омикрон штамынан көз жұмған алғашқы дерек тіркелді

3 года ago
Тараздық полицейлер бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады

Тараздық полицейлер бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In