Іс-шараға ересектер арасында бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының көк туын әлемдік деңгейдегі додаларда абыроймен қорғап жүрген белгілі боксшы Асланбек Шымбергенов арнайы қатысып, сотталғандармен кездесті.
Белгілі спортшы қатысушыларға спорттағы жетістікке жетудің жолы, тәртіп пен табандылықтың маңызы жөнінде айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар спорттың адамды шыңдап, ерік-жігерін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.
Ұлттық салт-дәстүр мен спортты ұштастырған шара барысында сотталғандар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, өздерінің ептілігі мен күш-жігерін сынады. Жарыс тартысты әрі жоғары көңіл-күйде өтті.
Іс-шара соңында мекеме басшылығы қазақы дәстүрге сай әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке шапан жауып, құрмет көрсетті.
Осындай кездесулер сотталғандар арасында спортты кеңінен насихаттап қана қоймай, олардың бойында жігер, жауапкершілік, тәртіп пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.


