• RU
Воскресенье, 2 августа, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Енді мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ, мәліметтерді тексеруге мүмкіндік бар

Түркістан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен қамту көрсеткіші тұрақты түрде артып келеді. 2026 мамыр айына Түркістан облысындағы медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындар саны – 2 млн 85 мың 921 адам. Оның 1 млн 787 мың 47-сі (85,7 пайызы) сақтандырылған болса, 298 мың 874-і (14,3 пайызы) сақтандырылмаған.

by Jasyn
12/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Енді мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ, мәліметтерді тексеруге мүмкіндік бар
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сақтандырылмаған азаматтар саны 92 мың 679 адамға (23,6 пайызға) азайған. Атап айтқанда, 2025 жылғы мамыр айында бұл көрсеткіш 391 мың 553 адам болса, 2026 жылғы мамырда 298 874 адамды құрады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Д және Е санаттарына жататын азаматтар мен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жергілікті бюджет есебінен жарналар төлене бастауымен МӘМС жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Алайда медициналық көмекке жүгінбеген азаматтардың шартты сақтандырылған мәртебесі заңда белгіленген мерзімнен өткеннен кейін автоматты түрде тоқтатылып жатқанына назар аудару қажет.

Жақында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысуы туралы ақпарат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер әзірледі. Жоба мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіруге және сақтандыру мәртебесі мен төленген жарналар мен аударымдар туралы мәліметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Бұл мемлекеттік қызмет азаматтарға МӘМС жүйесіндегі өз мәртебесі, сақтандырылған кезеңдері, сондай-ақ олардың пайдасына төленген жарналар мен аударымдар туралы нақты ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

Қызметті электрондық форматта *eGov.kz* электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Бұл азаматтарға мемлекеттік органдарға жеке жүгінбей-ақ, өздеріне ыңғайлы уақытта сақтандыру мәртебесін және төленген жарналар туралы мәліметтерді тексеруге мүмкіндік береді.

Бүгінде 17,5 миллион азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. МӘМС жүйесі сақтандырылған азаматтарға төленген жарналардың мөлшеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан медициналық көмектің кең көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Лаура Ділдәбекқызының айтуынша қазіргі таңда Созақ, Бәйдібек, Арыс аудандарында халықтың МӘМС жүйесіне қатысу деңгейі жоғары. Ал, Мақтаарал, Сауран, Сайрам аудандарында бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет.

Пациенттің құқығы бұзылса, қайда жүгіну керек, көп жағдайда тұрғындар бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Бірақ әрбір емхана мен ауруханада пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейтінін біле бермейді. Бұл қызмет пациенттердің арыз-шағымдарын қарап, медициналық көмектің сапасына бақылау жүргізеді. Егер пациент дәрігердің қабылдауына, емнің сапасына немесе МӘМС мәртебесіне қатысты мәселеге тап болса, алдымен осы бөлімге жүгіне алады. Сонымен қатар Қордың ресми сайты msqory.kz мен Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да өтініш қалдыруға болады. Реті келіп тұрғанда айтайын, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында облыста медициналық ұйымдарға тұрғындардан 309 арыз-шағым түскен. Көбіне медициналық көмектің сапасы, ұзақ күту, дәрі-дәрмек бермеу және дәрігер этикасына қатысты мәселелер көтерілген, — дейді бұл жөнінде Лаура Ділдәбекқызы.

Мамандардың айтуынша, мәртебені сақтауүшін МӘМС жарналары мен аударымдарын үздіксіз әрі уақытылы төлеп тұру қажет. Соңғы 12 айда төлемдерде үзіліс болған жағдайда азаматтар медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алмайды. Сондай-ақ, ұзақмерзімді еңбек демалысына шыққан қызметкерлер үшін МӘМС төлемдерін әр ай бойынша бөлек рәсімдеу аса маңызды. Егер еңбек демалысы бірнеше айды қамтыса, жұмыс беруші төлемдерді әр кезеңге жеке есептеп бөлек аударуы тиіс.

Сондай-ақ, оқушылар да МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан балалар дәрігер қабылдауын, анализдер мен тексерулерді, стоматологиялық қызметтерді, оңалтуды, стационарлық емді және жоғары технологиялық медициналық көмекті тегін ала алады. Мектеп медицинасы аясында балалар профилактикалық тексеруден өтеді, екпе алады және денсаулығына бақылау жүргізіледі. Жазғы демалыс кезінде балалар толық медициналық тексеруден өтіп, қажет болса оңалту емдерін де ала алады. Мысалы, массаж, физиотерапия, емдік дене шынықтыру секілді қызметтер МӘМС аясында көрсетіледі. Егер бала мектепте медициналық тексеруден өтпей қалса, оны тіркелген емханасында өте алады.

Фото: Егемен Қазақстан

 

Tags: МӘМСТүркістан облысы әлеуметтік медицина
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ауданаралық лапароскопиялық орталық ашу жоспарлануда

Ауданаралық лапароскопиялық орталық ашу жоспарлануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық ұстаздар Tik Tok әлеуметтік желісі арқылы сабақ түсіндіріп жүр

Қазақстандық ұстаздар Tik Tok әлеуметтік желісі арқылы сабақ түсіндіріп жүр

5 лет ago
ЖАЗУШЫ ЕЛЕН ӘЛІМЖАННЫҢ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ЖАЗУШЫ ЕЛЕН ӘЛІМЖАННЫҢ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In