• RU
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Еліміздің мемлекеттік қарызы 28,7 трлн теңгеге жетті

by Jasyn
01/11/2024
in Топ, Экономика
0
Еліміздің мемлекеттік қарызы 28,7 трлн теңгеге жетті
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектеновке мемлекеттік қарыздың өсіп бара жатқаны және еліміздің қаржы ресурсын басқаруды жақсарту қажеттігі туралы сауал жолдады. Депутат өзінің сауалында бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеп соғатын, кіріспен расталмаған мемлекеттік шығыстың ұлғаюы – мемлекеттік қаржының өзекті мәселесінің бірі екенін атап өтті.

Мәкежановтың мәліметінше, соңғы бес жылда мемлекеттік жиынтық қарыз ЖІӨ өсу қарқынына жақындаған және жылына 12%-ға ұлғайып отыр. Осылайша, алты айдың ішінде 1,6 трлн теңгеге көбейіп, 28,7 трлн теңгеге жетті.

«2014 жылдан бастап мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге арналған шығыстар 2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 0,6%-ынан 2,7%-ға дейін өсті, бұл 4,5 есеге ұлғаюды білдіреді. Одан басқа, 2025 жылға қарызды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге 6,1 трлн теңге бөлу көзделген, бұл Ұлттық қордан берілетін трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірісінің 38%-ын құрайды», — деді сенатор

Депутат сонымен қатар мемлекеттік қарыз бен қарыз алуды басқару мемлекеттік шығындардың тұрақсыз өсуіне әкелуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы әзірге қолайлы деңгейде қалса да, сенатор мемлекеттік қарызға қызмет көрсету шығынының өсуі және жаңа қарыз алудың орындылығы туралы алаңдаушылық білдірді. Депутат осыған байланысты Үкіметке оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың қарқынына мониторинг пен бақылауды күшейтуді және жиынтық мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектордың борышын басқарудың нақты тұжырымдамасын айқындауды ұсынды.

«Қазіргі қарыздардың тиімділігіне мониторинг жасау мен жаңа қарыздардың орындылығын талдауға, сондай-ақ олардың шығыс қозғалысына бақылауды күшейту қажет. Қарыз алуға шектеудің жеткілікті екендігі туралы мәселені қарастыру және шартты түрдегі шекті мәндерді алып тастау қажет», — деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Фото: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Tags: Қазақстанқарыз
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында 105 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды

Жамбыл облысында 105 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жеке тұлғалардың көлік салығы: мерзімі, қай АЕК-ті қолданамыз, қалай төлейміз?

Жеке тұлғалардың көлік салығы: мерзімі, қай АЕК-ті қолданамыз, қалай төлейміз?

1 год ago
ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстандағы салықтық мәліметтердің құпиялылығына оң баға берді

ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстандағы салықтық мәліметтердің құпиялылығына оң баға берді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In