Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы облысының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын да сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ, екінші күдіктіні анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.