• RU
Пятница, 24 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Данияр Елеусіновтің әйелінің қатысуымен болған жанжалға қатысты іс сотта қаралып жатыр

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелі Саида Елеусіноваға қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс соттың қарауында. ІІМ BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында осылай деген.

by Jasyn
23/07/2026
in құқық, Топ
0
Данияр Елеусіновтің әйелінің қатысуымен болған жанжалға қатысты іс сотта қаралып жатыр
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ведомстводағылар жанжал Қарағандыдағы үйлердің бірінде көршілер арасында болғанын еске салды.

Оқиғаға қатысушылардың арызы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті процестік шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс сотта қаралып жатыр, – делінген ІІМ жауабында.

Жанжал туралы осы жылдың наурыз айында белгілі болған еді. Ол кезде Қарағандының екі тұрғыны көршілерімен тұрмыстық жанжал кезінде шабуылға ұшырағандарын мәлімдеді.

Олардың бірі Әсел Ж.-ның айтуынша, жанжалға спортшының әйелі тарапынан оның атасына қатысты қойылған шағымдар себеп болған. Әйел айыптаулардың негізсіз болғанын және жанжал кезінде өзіне физикалық күш қолданылғанын алға тартты.

Бұдан бөлек, оның айтуынша,  жанжалдасқан тараптың егде жастағы туысы да анасының басынан ұрған. Оқиғадан кейін екі әйел де полицияға жүгінген.

Өз кезегінде Саида Елеусінова айыптауларды жоққа шығарды. Ол болған оқиға арандатушылық екенін айтып, шабуылға қатысы жоқ екенін айтты.

Арыздар түскеннен кейін полиция қылмыстық істерді тіркеп, денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындаған. Қарағанды облысының полиция департаменті ол кезде жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізіліп жатқанын, ал түпкілікті процестік шешім барлық қажетті сараптамалардың нәтижелері бойынша қабылданатынын хабарлаған болатын.

Естеріңізде болса бұған дейін, 9 шілдеде, Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Данияр Елеусіновті 20 тәулікке қамауға алған еді. Сот мәліметінше, спортшы мас күйінде үш жол-көлік оқиғасына қатысқан.

ІІМ-де заңды бұзғаны үшін жауапкершілік адамның танымалдылығына, оның кәсібіне немесе еңбегіне байланысты емес екенін баса айтты.

Фото: kazpravda.kz

 

Tags: қылмыстық ісСаида Елеусінова
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында 208 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуда

Жамбыл облысында 208 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полицейлер 30 келіден астам есірткі тәркіледі

Жамбылдық полицейлер 30 келіден астам есірткі тәркіледі

4 года ago
ҚР оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

ҚР оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In