• RU
Среда, 1 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Биыл Түркістанда 4 ірі медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде

Түркістан облысында халық денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Салыстырып қарасақ, денсаулық сақтау саласында былтыр өңірде 55 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны іске қосылған екен.

by Jasyn
01/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Биыл Түркістанда 4 ірі медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Олар –  23 дәрілерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік пункт, 7 медициналық пункт ауылдық елді мекендердің халқына медициналық көмек көрсетуін бастаған. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, былтыр 36 нысан құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Атап айтқанда, «Түркістан қаласындағы балалар оңалту орталығы» және облыстың ауылды жерлерінде 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 22 медициналық пункт халыққа дәрігерлік қызмет көрсете бастады.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, биыл өңірде 4 ірі медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Соның бірі – Сарыағаш қаласында 300 төсек-орынды заманауи көпбейінді ауруханасының іргетасы биыл ақпан айында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен қаланған болатын. Құрылысы қызу жүріп жатқан аурухана пайдалануға берілгенде тек Сарыағаш қаласының тұрғындарына ғана емес, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсететін болады. Аталған аудандарда 1 миллионнан астам халық тұрады.

Аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңа медициналық кешен облыстың денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл – Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызды қадам. Құрылыстың басталуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, білікті медициналық кадрларды тартуға жағдай жасайды.

300 төсек-орынға есептелген аурухана құрамында үш негізгі блок бар: хирургиялық блок – 50 төсек-орын (нейрохирургия, офтальмология, ЛОР және травматология бөлімшелері), терапиялық блок – 100 төсек-орын (неврология, инсульт орталығы, кардиология және интервенциялық кардиология бөлімшелері), перинаталдық блок – 150 төсек-орын (ана мен балаға арналған заманауи күтім, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі). Медициналық кешен заманауи жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі.

Жаңа аурухана 10,4 гектар аумақта орналасады. Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 70 мың шаршы метрден асады. Жобаның жалпы құны – 74,5 млрд теңге. Құрылыстың аяқталуы 2027 жылдың желтоқсанында жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру үшін Сарыағаш қаласынан 10,4 гектар жер телімі бөлінген. Жобаны мердігерлік атқаратын ұйым – «ASPAN HOLDINGS» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Строй-Проф» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Engineering center ltd» ЖШС.

Жоғарыда айтылған, салынып жатқан төртеудің ішіндегі ең ірісі – Түркістан қаласындағы 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы. Түркістан қаласындағы 80 төсек-орындық Ана мен бала орталығының құрылысы, Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында 200 орындық облыстық перинаталдық орталық құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, тозығы жеткен медициналық нысандарды жаңғырту мақсатында 6 нысан күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілуде.

Ал, 3 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Олар: Кентау қалалық орталық ауруханасы, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қарасты «Қаратас» емханасы, Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты «Алатау батыр» ауылдық ауруханасы. 2026 жылға өтпелі 3 нысан – Сайрам аудандық орталық ауруханасы, Сайрам аудандық «Қарабұлақ» аудандық ауруханасы және Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы алғанда бүгінде Түркістан облысында елді мекендерді, қалалар мен аудандарды әлеуметтік маңызы бар нысандармен, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңірде 93 нысанның құрылысына бюджеттен 77,3 млрд теңге бөлінген. Жыл қорытындысында 58 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 7-еуі ел игілігіне тапсырылған.

– Әрбір нысан сапалы әрі уақтылы тапсырылуы керек. Құзырлы мекемелер, жауапты басшылар құрылысты басталған сәттен бастап қадағаласын. Халықтың салығы есебінен жасалып жатқан жұмыс талапқа сай болуы қажет. Егер бекітілген жоспарға сай жұмыс атқармаса және ғимаратты сапасыз салса, мердігермен келісімшартты үзіңіздер. Құрылыс материалының сапасы, жұмысшы саны, нысанның мерзімінде тапсырылуы қатаң бақылауда болатын болсын, – деген болатын бұл жөнінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Фото: 24KZ

 

Tags: дәрілерлік амбулаториямедициналық нысандармедициналық пункт
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда полицейлер бір баланы түнгі уақытта үш рет үйіне қайтарған

Таразда полицейлер бір баланы түнгі уақытта үш рет үйіне қайтарған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеуге алынды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеуге алынды

5 лет ago
«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды

«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In