2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасында екі қазақстандық спортшы ерлер арасында тұғырдан секіруден іріктеу кезеңінен іркілмей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іріктеу кезеңінің ережесі бойынша алғашқы іріктеу кезеңіне жоғары нәтижеге ие болып жүрген 50 спортшы шықты. Олардың арасында еліміздің атынан сынға түскен Данил Васильев пен Сергей Ткаченко болды. Сайыс барысында төрешілер Данил Васильевтің көрсеткен нәтижесін 46,2 деп бағалады. Ал тағы бір қазақстандық Сергей Ткаченкоға берілген баға — 43,1.
Осылайша қазақстандық екі спортшы жарыстың алғашқы сатысынан іркілген жоқ. Жарыстың бірінші және финалдық кезеңдері 6 ақпанға белгіленген.
Еске салсақ, бүгін, 5 ақпанда азақстандық спортшылар трамплиннен секіруден өзге шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, могул, шорт-трек секілді сайыс түрлерінен жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.