• RU
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау

Басты мақсат — мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта құру

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысы, табандылығы мен ерік-жігері – баршаға үлгі. Олардың қоғамға белсенді араласуы, еңбек етуі мен шығармашылық жетістіктері еліміздің даму жолында ерекше орын алады.

by Jasyn
13/05/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау
0
Басты мақсат — мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта құру
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 45 715 мүгедектігі бар адам тіркелген. Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,7 пайызды құрайды.

— «AMANAT» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта құруды басты әлеуметтік басымдықтарының бірі деп санайды, — дейді бұл жөнінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов. — Бұл бағытта партия бірнеше ауқымды жобалар мен нақты шараларды іске асырып келеді. Біз өткен жылы жоба аясында 422 іс-шара өткізіп, 8075 адамды қамтыдық. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету, олардың өмір сүруге ынтасын арттыру бойынша олар жасаған қолөнер бұйымдарының сатылым жәрмеңкесі өз деңгейінде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Нәтижесінде, 527 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Тағы бір айтары, 2024 жылы ерекше қажеттілігі бар жандарға нысандардың қолжетімділігін тексеру мақсатында 65 рейд жүргізілді. Мониторинг барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ, пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, бағыттаушы тактильді сары жолақтар, брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақташа, бағыттаушы белгілер, арнайы әжетхана болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 258 нысанның әлеуметтік инфрақұрылымдары бейімделді және кейбір нысандар бойынша тиісті мекемелерге 30-дан аса ұсыныстар берілген.

Өткен жылдың мамырында «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасындағы «Инклюзиялық қоғамның дамуына көмектесу» басымдық бағытын іске асыру аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалі өтті.

«AMANAT» партиясы мен «Болашақ» қорының қолдауымен облыстағы мектептерде 10 инклюзияны қолдау кабинеттері мен ресурстық орталықтар ашылды.

Фото: Егемен Қазақстан

Tags: инклюзияны қолдау кабинеттермүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта құру
Jasyn

Jasyn

Next Post
Өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды

Өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Назарбаевтың қызы алғашқы кітабында не жазғанын айтты

Назарбаевтың қызы алғашқы кітабында не жазғанын айтты

4 года ago
109 жастағы тұрғын жаңа құжат алды

109 жастағы тұрғын жаңа құжат алды

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In