• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Барлық анаға теңдей жәрдемақы берілуі керек»: Еңбек министрі жауап берді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
«Барлық анаға теңдей жәрдемақы берілуі керек»: Еңбек министрі жауап берді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бала санына қарамастан, барлық анаға жәрдемақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн брифингте журналистер қоғамда талқыланып жатқан мәселені көтерді.

«Көпбалалы отбасыларға бала санына қарамастан, 4 АЕК көлемінде жәрдемақы төлене бастағаннан кейін халық арасында тура сондай әлеуметтік көмек барлық анаға төленуі керек деген ұсыныстар айтыла бастады. Бала санына да қарамау қажет. Себебі әрбір ана баланың тәрбиесі мен оқуына көп күш салады, шығын да аз емес. Осы іспетті «балалар жәрдемақысын» енгізу жоспары жоқ па?» – деді журналистер.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуынша, бүгінде жүктіліктен бастап бала туу мен бір жыл қарау бойынша жәрдемақы барлығына бірдей төленеді. Ал көпбалалы отбасыларға бала санына қарамастан, жәрдемақы енгізудің өзіндік себебі бар.

«Елімізде ана мен баланы қорғау бағытында қабылданған кешенді шаралар бар. Бүгінгі күні аналарға мемлекет тарапынан төлем жүктілік және босанған кезде беріледі. Сондай-ақ туғаннан кейін бала күтімі бойынша 1 жыл бойы тағайындалады. Және бұл жәрдемақы барлығына бірдей төленеді. Көпбалалы аналар мәселесіне келсек, өткен жылы 4 және одан да көп баласы бар аналарға жәрдемақы төлеу жүйесі енгізілді. Оны енгізуде екі негізгі себеп бар. Біріншіден, елімізде бала тууды ынталандыру мақсатында. Айта кетер болсақ, 2019 жылы Қазақстанда көпбалалы ана саны 252 мың болса, өткен жылы ол көрсеткіш 428 мыңға жетті. Бір жыл үшін айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Екінші себеп, көпбалалы отбасылардың табысын арттыру мақсатында тағайындалып отыр», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов өз жауабында.

Сондай-ақ министр аталған жәрдемақының тек көпбалалы отбасыларға арналғанын баса айтып, барлық анаға теңдей жәрдемақы төлеу министрлік жоспарында жоқ екенін жеткізді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
БИЫЛ ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН ЕЛІМІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ АУЫСТЫ

БИЫЛ ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН ЕЛІМІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ АУЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараздық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалды

Тараздық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалды

11 месяцев ago
Жамбылда алаяқтық жолмен 2 700 000 теңге иемденген күдікті анықталды

Жамбылда алаяқтық жолмен 2 700 000 теңге иемденген күдікті анықталды

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In