Балабақшада Жаңагүл Нұржанова 30 жылдан астам уақыттан бері тәрбиеші. Өзге әріптестерінен тәжірибесі де, еңбек өтілі де көп. Осы ауылдың үлкен азаматтарының өзі Жаңагүл апайдың тәрбиесін көргенбіз деп, апайды құрмет тұтады. Қазіргі таңда Жаңагүл Нұржанова кіші топтарды тәрбиелеуде. Тобында 28 бала бар. Әр баламен жұмыс істеу де жеңіл емес. «Маған бірақ балалармен жұмыс қызық. Балаларды жақсы көремін. Балаларсыз өзімді елестете алмаймын» дейді озат тәрбиеші Ж. Нұржанова.
Ал балабақша меңгерушісі Ғалия Райысқызы: «Балабақша 1985 жылы салынған. Бізге барлық жағдай жасалып, ағымдағы жөндеу жүріп тұрады. Енді күрделі жөндеу жүргізілсе» деді. Мұнда біз жақсы жұмыс ырғағын, балалардың бақытты, күміс күлкісін көрдік.