• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Ауызашар

by Jasyn
06/03/2024
in Ақ самаурын
0
Ауызашар
0
SHARES
49
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Менің жақын інім әрі досым, белгілі журналист – «Айқын» газетінің Астана қаласындағы өкілдігінің жетекшісі Бейсенбай Тәжібаев Бәйдібек ауданындағы Боралдай өзенінің жағасында, көп теректің арасында туып-өскен жігіт. Көп терек деп отырғаным, ауылының аты – Теректі, оны өздері кей кездері «Теракті» деп қояды. Шынында тал-терегі көп, жап-жасыл ауыл. Боралдайдың екі жағын жайлап жатқан шағын елдімекеннің қақ ортасында Теректі әулиенің мазары, бұлағы бар. Айналдырып қоршап қойған. Ішінде қай ғасырдан бері жатқанын бір Алла біледі, әлдеқашан шіріп, бірінің үстінде бірі үйіліп қалған үлкен-үлкен теректер, сан түрлі ағаштар бар. Солардың арасынан саңылау тауып, көгеріп, жайқалып тұрғаны да мол. Әулиелі, киелі жер болғандықтан ел ол қоршау ішінен ағаш алып, отын етуге жүректері дауаламайды.

Қайбір жылы… Бейсенбай Тәжібаев облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде бас редактор кезі болса керек, ауылында ауызашар беруге ниеттеніпті. Малын сойып, дастарханын жайып, кешке ауыл адамдарын күтеді. Мезгіл — қоңыр күз болса керек, Бейсеннің ауылдағы ағасы қырда «К-700» тракторымен жер айдап жүр екен. Оған Бейсен: «Әке орнына әке боп жүрген үйдің үлкені боласыз, кешке ақсақалдар келгенде алдынан шығып амандасыңыз, ауыз ашар уақыттан бұрын кеп қалыңыз» деп ескертеді. Шынында ағасы жер дүниені тарылдатып, үлкен тракторымен ауыз ашар уақыттан әлдеқайда ертерек келеді.

Қас қарая шалдар да келе бастайды. Бұлар құрақ ұшып қарсы алған. «Ауыз ашылып», ел ет жейді, нарын жейді. Тәребе намазын оқиды. Осы кезде Бейсеннің шаруақор ағасы «Менің миссиям осымен аяқталды» дегендей өзі бата қылып, «Мен түнімен біраз жер аударып, жұмысты өндіріп тастайын» деп, тракторымен қырға кетіп қалады.

Шалдар шай ішіп, әжептеуір әңгіме-дүкен құрып, түннің бір уағында тарасады. Осы кезде қараңғы көше жақтан шу шығыпты. Бейсен жанұшырып жүгіріп барса, көрші ауылдан келген бір шал есегін таппай тұр екен.

«Ата, есегіңізді қайда байлап едіңіз?» деп сұраған ғой.

Сөйтсе шал «Соған өзім де аң-таң болып тұрмын ғой, қарағым… Осы жерде тұрған бір трактордың соқасына байлаған сияқты едім» дейтін көрінеді шал.

Шынында шал есегін ұп-ұзын соқаның ең ұшына байлаған екен. Бейсеннің ағасы қараңғыда «К-700» тракторына асығыс мінген де, соқасын тік көтерген күйі қыр асып кетіп қалған ғой. Есек байғұс, сөйтіп, Ораза айында қылғынып, шейіт болып кетіпті. Тағы жәны жаннатқа барғыр көк есекті шал көршісінен сұрап, мініп келген екен. «Қап, көршіден ұят болды-ау» деп, шал шапанының сыртынан санын соға берген көрінеді.

Оралхан ДӘУІТ, «Ақ самаурын» кітабынан

Tags: АуызашарОралхан Дәуіт
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылдық полицейлер 3 күнде 400 азаматты отбасылық жанжал үшін жауапқа тартты

Жамбылдық полицейлер 3 күнде 400 азаматты отбасылық жанжал үшін жауапқа тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді — министр

Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді — министр

3 года ago
Нұр-Сұлтанда әйгілі тұрғын үй кешенінің маңында үйдің қасбетіндегі плиталар опырылып түсті

Нұр-Сұлтанда әйгілі тұрғын үй кешенінің маңында үйдің қасбетіндегі плиталар опырылып түсті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In