Бұл салмақта әлем чемпионы атағын тоғыз спортшы сарапқа салды. Бірінші жаттығуда жұлқа көтеруде Ерасыл Сәулебеков бір шешуші әрекетімен (123 келі) күшімен, жеңіске деген жігерімен қарсыластарын тәнті етті.
Серпе көтеруде де қазақстандық зілтемірші 158 келіні көтеріп, бірінші орын алды.
Нәтижесінде Ерасыл Сәулебеков 281 келі салмақпен жастар арасында әлем чемпионы атанса, Алааддин Саин (Түркия) күміс жүлдеге (278 келі), Поле Бартош Бурски (269 келі) қола медальға қол жеткізді.