• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 60 пайызы әрекетсіз отыр

by Jasyn
06/03/2024
in Ауыл шаруашылығы
0
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 60 пайызы әрекетсіз отыр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, бастапқы капиталдың болмауы – кооперативтердің негізгі проблемасы болып отыр. Яғни, «әуелі несие алып, содан кейін кооперативке кіру» пайымдауы жұмыс істемейді. Депутат биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 400 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылғанын айта келіп, олардың жұмыс істеуі үшін 100 миллиард теңге бөлінгеніне тоқталды. Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» 543 ауыл шаруашылығы кооперативіне тағы қосымша 370 миллиард теңге бөлді. Алайда, сенатордың айтуынша, елдегі 268 000 ферма мен 1,5 миллионнан астам жеке қосалқы шаруа қожалығы әлі күнге дейін ауылшаруашылық кооперативінің қызметіне қосылмай отыр.

«Осы аталған құрылымдар арасында ірілендіру бағытындағы жұмыстың әлсіз жүріп жатқанын көрсетуде. Біріншіден, насихаттау жұмысының жүргізілмеуі және «Ауыл аманаты» бағдарламасының  мүмкіндіктері толық ашылмаған. Екінші, жер қатынастарын реттеудің кейбір  мәселелері толық қарастырылмаған. Үшінші, кооператив пен оның мүшелері үшін салық салу мәселелері толық реттелмеген.  Төртінші, кәсіпкерлік субъектілерінің өнімді сақтауға арналған қоймалардың жоқтығы, өңірлерде сауда-логистикалық орталықтардың шешілмегендігі, бұл да проблема болып табылады», — деп атап өтті депутат.

Сенатор осы айтылғандарды тұжырымдай отырып, еліміздің Үкіметіне бірқатар ұсыныстар айтты.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жұмыстарын жүйелендіру үшін Үйлестіру кеңесі құрылуы тиіс. Осыған байланысты «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңына бірқатар өзгерістер енгізу маңызды. Сонымен қатар Салық заңнамасын жетілдіру аясында кооперативке және оның мүшелеріне қосарланған салық салуды алып тастауды қарастыру керек. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің көлік шығыстарын субсидиялау бойынша ұсыныстарды қарастыру маңызды», — деді сенатор.

 

Tags: Ауыл шаруашылығы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Сенатор Закиржан Кузиев еліміздегі топырақтың тозып кеткені туралы айтты

Сенатор Закиржан Кузиев еліміздегі топырақтың тозып кеткені туралы айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елімізде балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 53 мыңға дейін артты

Елімізде балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 53 мыңға дейін артты

3 года ago
Біз демала білеміз бе?

Біз демала білеміз бе?

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In