Өткен жылы аудан көлемінде 10 үй мұқтаж деп танылған отбасыларға берілсе, биыл 6 үй жыл соңына дейін берілетін болады. Ал түлектерін туған өлкесіне жанашырлық танытуына септігін тигізген аймақ басшысының «Жомарт-Түлек» жобасы көпшілік қолдауына ұласты. Жобаның түпкі мақсаты туған жеріне қарайласу, түлеп ұшқан төрін түлету, ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін жоғарылату болып табылады. Облыс орталығында бастау алған форум Жамбыл ауданында жалғасып, оған түрлі салада қызмет етіп жүрген 400-ден аса мектеп түлектері қатысып, жобаның негізгі мүддесіне қаныққан еді.
Аудандық форумда түлектердің демеушілігімен 18 жобаның іске асырылуына 118 млн теңге жұмсалатыны анықталды. Атап айтар болсақ, Шайдана ауылында 10 млн теңгеге спорт музейі мен спорт кешенінің құрылысы аяқталса, Ащыбұлақ ауылында 2 млн теңге ге балаларға арналған ойын алаңшасы, Шоқай, Ш.Ниязбеков, Қаракемер ауылындарына 5 млн теңге арка орнаттылды. Сондай-ақ, Ақбұлым ауылындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясына 1 млн теңгеге демалыс алаңшасын мен су бұрқақтар орнатылды.