• RU
Пятница, 19 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Ана мен бала денсаулығын қорғау және проактивті скрининг мәселелері талқыланды

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабаевич және басқарма басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Мамбетова Мадина Ережеповна облыстағы ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізді.

by Jasyn
17/06/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Ана мен бала денсаулығын қорғау және проактивті скрининг мәселелері талқыланды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кездесуде 2026 жылдан бастап енгізілетін МСАК қызметкерлерін ынталандырудың жаңартылған әдістемесі, ана мен бала денсаулығын қорғау көрсеткіштері, жүкті әйелдерді ерте есепке алу, нәрестелерге патронаждық бақылау жүргізу және проактивті скринингтік жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Жиында балалар арасында аурулардың алдын алу мен оларды ерте кезеңде анықтауда проактивті скринингтің маңызы ерекше атап өтілді. Әсіресе жаңа туған нәрестелерге жүргізілетін неонатальды скрининг ауыр тұқым қуалайтын және эндокриндік ауруларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде нәрестелерге фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозды анықтауға арналған скринингтер жүргізілуде. Бұл зерттеулер ауруларды ерте анықтап, дер кезінде емдеуді бастауға, мүгедектіктің алдын алуға және баланың толыққанды дамуына жағдай жасауға ықпал етеді.

Басқосуда медициналық ұйым басшыларына профилактикалық жұмыстарды күшейту, скринингтік тексерулермен қамтуды арттыру және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жалпы алғанда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Біз үшін статистика мен есептерді ғана емес, жергілікті жерлердегі нақты өзгерістердің нәтижелерін көру маңызды. Кез келген реформа медициналық көмектің сапасын арттырып, оны халық үшін қолжетімді етіп, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайларын жасаған кезде ғана өз мәніне ие болады. Біз халықаралық тәжірибені мұқият зерттеп жатырмыз. Алайда шешім қабылдау кезінде ең алдымен балаларымыздың мүдделерін, практикалық дәрігерлердің пікірін және Қазақстанның нақты жағдайларын басшылыққа аламыз», – деп атап өткен болатын.

Шынында бүгінде елімізде халықты скринингтік тексерулермен қамту, созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және профилактикалық жұмысты дамыту бағытында оң динамика байқалады. Дәл осы бастапқы буын ауруларды ерте анықтаудың және халық денсаулығын сақтаудың негізіне айналуы тиіс.

«Сақтандыру моделіне толық көшу бүгіннен бастап жан-жақты дайындықты талап етеді. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір азаматтың медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету және оның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуіне жағдай жасау. Біздің мақсатымыз – реформаны реформа үшін жүргізу емес. Кез келген өзгерістің басты көрсеткіші – халықтың денсаулығы, ауруларды дер кезінде анықтау, медициналық көмектің қолжетімділігі және пациенттердің көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттануы», – дешен болатын Ақмарал Әлназарова.

Осы орайда Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен иммунопрофилактика мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу, халықты иммундаумен қамту көрсеткіштері және вакцинациялау жұмыстарын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, халық арасында вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру, медицина қызметкерлерінің коммуникациялық дағдыларын арттыру және нысаналы топтарды толық қамту бағытындағы бірлескен жұмыстар қарастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар иммунопрофилактика саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және халық денсаулығын қорғауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Тағы бір айтары, Сарыағаш көпбейінді аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында аурухананың заңгері медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттері, пациенттермен қарым-қатынас мәдениеті, медициналық этика мен деонтология қағидалары, медицина қызметкерлері мен пациенттердің құқықтары және заңнама талаптары жөнінде баяндама оқыды.

Сонымен қатар медициналық құпияны сақтау, медициналық құжаттаманы дұрыс жүргізу, қызметтік міндеттерді тиісінше орындамаудың құқықтық салдары, сондай-ақ аурухана аумағында фото және видео түсіру тәртібі туралы маңызды мәселелер түсіндірілді.

Мұндай түсіндіру жұмыстары медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби жауапкершілікті күшейтуге және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

Фото: BAQ.KZ

 

Tags: Ана мен бала денсаулығын қорғауиммунопрофилактикапроактивті скрининг
Jasyn

Jasyn

Next Post
ЖОСПАРДАН ТЫС АТТЕСТАЦИЯ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМА

ЖОСПАРДАН ТЫС АТТЕСТАЦИЯ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Барлық индикаторлық көрсеткіштер толық орындалуы керек

Барлық индикаторлық көрсеткіштер толық орындалуы керек

9 месяцев ago
Жүрегі ізгілікке толы жандар жетерлік

Жүрегі ізгілікке толы жандар жетерлік

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In