Алдын ала мәлімет бойынша жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде тіркелген.
Жер сілкінісінің магнитудасы — 6,1.
Тереңдігі — 10 км.
Шамамен қалада 5 балдық жер сілкінісі сезілді.
Алматы қаласы ТЖД сағат 11:22-де сирена-дыбыстық сигнал дереу іске қосылып, радиоарналар мен телеарналардан хабар таратылғанын мәлім етті.
ТЖМ жедел ақпарат бойынша Алматы облысында — 5 балл, Жетісуда (Талдықорған)- 2 балл жер сілкінісі болған.