Бүгінгі таңда облыста 586 мектепке дейінгі ұйымдарда 62687 бала тәрбиеленуде. Ал, 506 орта білім беру ұйымдарында 248 мыңнан аса оқушы білім алуда. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен, киім-кешек, жазғы с ауықтырумен қамт амасыз етуге жалпыға міндетті білім беру қорынан 6,1 миллиард теңге бөлінген. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, барлық бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. Оған облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінген. Жасыратыны жоқ, жасөспірімдер қалыптасу кезеңінде түрлі қызыққа бой алдырады. Кейде есейгеніңді сезініп, түн қатып, көшеге шыққың келеді. Көшеге шыққан соң әртүрлі жағдайларға жолығуың мүмкін. Сондықтан кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесін жаңа оқу жылынан бастап облыс мектептеріне пилоттық жоба ретінде енгізген. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежановтың айтуына қарағанда елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе, соңғы уақыттары әлеуметтік өткір мәселе ретінде қарала бастады. Сондықтан Президент қол қойған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң, шын мәнінде, мемлекеттің теңдік пен заң үстемдігі қағидаттарына басымдық беретінін, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыратынын көрсетеді.
Қабылданған заңда сарапшылардың барлық ұсыныстары мен қарапайым азаматтардың өтініштері Президент тарапынан қолдау тапты. Мемлекет басшысының жаңа заңға қол қоюы, ел басшылығының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру аясында қоғам сұранысына ұдайы назар аударып отырғанын көрсетеді.
Президент Қ.Тоқаев барлық мәселелерді, соның ішіңде әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін үнемі көтеріп отырады.
Заң азаматтық қоғам мен мемлекеттің өткір және өзекті мәселені шешуге бағытталған сындарлы өзара іс-қимылының нәтижесі болды.
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоғам болып күресуді қажет ететін әлеуметтік проблеманың бірі ретінде белгіледі.
Ол туралы Қ. Тоқаев осы жылдың қаңтар айында: «Мен «заң және тәртіп» қағидатын нығайтуды жақтаймын, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдаймын», — деді.
Бұл Заң біздің қоғамды демократияландыру бағытындағы тағы бір қадам болып табылады.
Фото: Егемен Қазақстан