• RU
Понедельник, 9 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Президенттік кадр резерві

Дарынды жастар үшін мемқызметтің есігі әрдайым ашық

Мемлекеттік қызметші – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату үшін еңбек етуі тиіс. Өйткені, әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға сүйреуші мемлекеттік қызметшілер екені сөзсіз. Сондықтан да, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – өте жауапты жұмыс.

by Jasyn
04/08/2024
in • Президенттік кадр резерві
0
Дарынды жастар үшін мемқызметтің есігі әрдайым ашық
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік қызмет дарынды жастар үшін әрдайым ашық. Бүгінде мемлекеттік аппарат жұмысына білімді де білікті жас мамандарды тартуға бағытталған жаңа тәсілдер белсенді енгізілуде. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы тапсырмасы аясында, мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша тәртібін әзірледі.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес. Жақсы оқу көрсеткішімен оқуын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады. Бұл әрине, білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.

Бүгінде Республикада 190-ға жуық түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 15-і Түркістан облысына тиесілі. Олар — Түркістан облысының Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Сауран, Сайрам, Отырар, Қазығұрт, Төлеби, Мақтаарал аудандары мен Кентау қаласындағы төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданған.

Яғни, жоғарғы оқу орнын үздік аяқтаған түлектер үшін мемлекеттік қызметтің есігі әрдайым ашық. Бүгінде жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі бар екенін жоғарыда айттық.

Осындай мүмкіндік негізінде Зухра Тохташ Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман қызметіне қабылданды. Зухра Жораханқызы Алматы қаласындағы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу» университетінде техника және технология білім беру бағдарламасы бойынша жерге орналастыру мамандығын тәмамдаған.Осы орайда, жаңадан мемлекеттік қызметке келген Зухра Жораханқызы жоғары оқу орнында алған білімін қызметте шыңдамақ.

Сондай-ақ, Қазығұрт ауданы әкімі аппараты персоналды басқару кадр қызметі бөлімшесінің басшысы Балжан Құралбайқызының айтуынша бүгінгі таңда Қазығұртта осы жаңашылдыққа байланысты бірқатар мамандар жұмысқа қабылдануда. Айталық, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірін үздік бітірген Гаухар Сұлтанованы біліктілік талабы сай келетін Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы лауазымына қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне келісім сұрауға хат жолдап отыр. Аудан әкімдігінде 195 мемлекеттік қызметші жұмыс атқарады. Солардың орташа жасы 35-ті құрап отыр. Яғни әкімдік қызметкерлердің көпшілігі жастар деген сөз. Өз кезегінде өңірлік кадр резервіне Қазығұрт ауданынан 3 мемлекеттік қызметші өтті. Әрине, бұл тізімге іліну үшін құжат тапсырғандар өте көп болды. Дегенмен солардың ішінен төртеуі іріктеліп, соңғы шешім қабылдану үшін құжаттары Астанаға жіберілді.

Жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде TEDx форматында мемлекеттік қызметшілердің, студенттер, магистранттар және докторанттардың қатысуымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адам капиталын дамыту  туралы семинар өтті.

Семинарда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова Жанар білімнің адам үшін ең негізгі құнды капитал екенін айтты. Ал, департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Балажанов өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен және жастармен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адам капиталын дамыту бойынша құнды ақпараттармен бөлісіп, еңбек нарығындағы бәсекелестік туралы ойын ортаға салды.

Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға енгізілген оң өзгерістер, Әдеп кодексі талаптары қосымша түсіндірілді. Сонымен қатар, Президенттік жастар кадр резервін, өңірлік жастар кадр резервін жасақтаудың және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын үздік тәмамдаған түлектерді мемлекеттік қызметке қабылдаудың маңыздылығына тоқталды. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік қызметтегі адам капиталының санасына оң өзгеріс әкелетіні тілге тиек болды. Қазіргі таңда облысымызда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын үздік бітірген 8 түлек конкурссыз тағайындалып, мемлекеттік қызмет атқаруда.

Сондай-ақ, Өркен Байділханұлы жастарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте меритократия қағидатымен өсуге мүмкіндіктердің көп екендігін және ол үшін қандай қасиеттер қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік қызметші болу – ол аянбай еңбек етіп, халық мүддесін қорғау, елдің дамуына септесу. Ең бастысы – халыққа қалтқысыз қызмет ету. Жастар мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдалана отырып мемлекеттік қызметтің абыройын асқақтата берсін.

Фото: GOV.KZ

 

Tags: дарынды жастармемқызметмемлекеттік грантмеритократияТүркістан облысы Мемлекеттік қызмет
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тараздық полицейлер жолда талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті

Тараздық полицейлер жолда талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Президент Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты

Президент Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты

4 года ago
Таразда полицейлер есірткіге қарсы акция өткізді

Таразда полицейлер есірткіге қарсы акция өткізді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In