Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында «Президент көп сұхбат беріп, сөйлеп, пікір алмасқаннан көрі, іске көбірек көңіл бөледі. Көп жағдайда сөзден көрі көбірек іске ден қойып, тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалайды»,- дей келе қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта телеарнаға сұхбат беретінін айтқан болатын.
Сондай-ақ мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Президенттің Twitter-дегі парақшасын кім жүргізетінін айтып берді.
«Адамдар арасында кез келген мемлекеттік лауазымды тұлғаның әлеуметтік желілердегі парақшаларын көмекшілері немесе баспасөз қызметі жүргізеді деген жаңсақ пікір бар. Жоқ, Президент Twitter-де ұсыныстарын, халыққа үндеуін өзі жазады. Берген тапсырмаларын да өзі жазып шығарады», — деді Берік Уәли.