• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл

Әйелдерді қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады

Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдады. Бұл заң ана мен баланы қорғау, яғни, әйелдерді қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады.

by Jasyn
09/08/2024
in • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
0
Әйелдерді қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады
0
SHARES
31
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жасыратыны жоқ, бұл заң қабылданбай тұрып қоғамда біраз талқылауға ұласты. Көпшілік бұл заң кейбір адамдарды ата-ана құқығынан айырады деген түсінікте болды. Бірден айтайық, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді. Құжат ережелері ең алдымен қорғау және қауіпсіздік мақсатын көздейді. Бұл жөнінде Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата отырысында заңды талқылау барысында айтты.

 «Қазірдің өзінде қолданыстағы заңнамада, неке және отбасы туралы заңда ата-аналар қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылатын нормалар бар. Алайда, ол нормалар жаппай ата-ана құқығынан айыруға әкелмегені белгілі. Тарихымызда ондай жағдай болған жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы заңға қол қойып, күшіне енген жағдайда құжат жаппай ата-ана құқығынан айыруға әкеледі дегенге сенудің ешқандай негізі жоқ. Бұл менің жеке пікірім. Бұл қате және теріс түсіну. Заңда мұндай нормалар жоқ. Сол себепті осы заң ата-аналарды ата-ана құқығынан айыруға арналмағанын нақты әрі анық түсіндіріп, жеткізуіміз керек. Ол әйелдерді қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады», – деді Сенат Спикері қаралып отырған заң туралы.

Шынында бұл заңдар әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алуды және жолын кесуді көздейді.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны қатаңдатуды, сондай-ақ білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін институционалдық түрде күшейтуді, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Міне, осы тапсырмалар «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы» заңда көрініс тауып отыр.

Айта кету керек, Жамбыл облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 92 қолайсыз отбасы тіркелген. Сондай-ақ, қылмыс пен құқықбұзушылық жасаған 185 кәмелетке толмағандар полицияның есебіне алынған. Қазіргі таңда полиция бөліністерінде 355 жасөспірім және 332 қолайсыз отбасы есепте тұр екен. Есепте тұрғандармен профилактикалық жұмыс жасалып, олардың үй-жайы, оқу орындары бойынша тексерістер жүзеге асырылуда. Ал «Ана мен баланы қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бағдарламасы бойынша 397 720,0 мың теңге бөлініп, 70 балаға күтім қызметі көрсетілді, бір баланы күтіп ұстауының жылдық құны 878,0 мың теңгені құрайды.

Фото: Alash.kz

Tags: әйелдерді қорғаубалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етузаң ана мен баланы қорғау
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Байжанов маған шантаж жасап келеді…»

«Байжанов маған шантаж жасап келеді...»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жұмыс визасын алу үшін кәрістерге тұрмысқа шығуда»: Биыл 21 мыңнан астам қазақстандық шетелге кеткен

Жұмыс визасын алу үшін кәрістерге тұрмысқа шығуда»: Биыл 21 мыңнан астам қазақстандық шетелге кеткен

4 года ago
Павлодар полициясының дәретханасында қызметтік құжаттар неге жатқаны тергелуде

Павлодар полициясының дәретханасында қызметтік құжаттар неге жатқаны тергелуде

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In