• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Отандық фармкомпаниялар бюрократиялық проблемаларға тап болып келеді

Отандық фармацевтикалық компаниялар жыл сайын даму мен жұмысқа кедергі келтіретін бюрократиялық проблемаларға тап болып келеді. Сенатор Жанна Асанова өзінің депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Отандық фармкомпаниялар бюрократиялық проблемаларға тап болып келеді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, қазақстандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды өндірушілер жыл сайын бағаны тіркеу немесе бекітілген бағаны мемлекеттік сараптама ұйымында қайта тіркеу рәсімдерінен өтуге мәжбүр болып отыр.

«Өнім өндірушілер өткен жылдардағы шекті бағаға қанағаттанғанына қарамастан барлық қажетті құжаттарды жинау, уақыт жоғалту, қаржы және т.б. түріндегі көптеген қиындықтармен бағаны қайта тіркеу рәсімдерінен жыл сайын өтуге мәжбүр. Бұл ретте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте шекті бағаларды жыл сайын бекіту міндеті жоқ. Нәтижесінде 2021 жылдан бастап баға жөніндегі тиісті бұйрықтар еш жаңартылмаған»,- деді сенатор.

Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан Денсаулық сақтау министрлігіне және тиісті мекемелерге бағаны жыл сайынғы міндетті түрде тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді алып тастау мәселесін қарауды тапсыруды сұрады.

«ҚР Денсаулық сақтау министрі жаңа бұйрық қабылдауды жеделдетуі не қолданыстағы бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуі тиіс. Өйткені өнім өндірушілер осы уақытқа дейін бірқатар тауарлардың бағасы бекітілмегендіктен мемлекеттік тапсырыс бойынша өнімді сата алмай отыр. Жоғарыда аталған мәселелер мен бизнестің оларды шешу жөніндегі ұсыныстары көптеген орындарда және Үкіметте талқыланғанын, соның негізінде тиісті хаттамалық тапсырмалар берілгенін атап өткім келеді. Алайда, бүгінгі күнге дейін ештеңе өзгерген жоқ»,- деді депутат Асанова.

 

Tags: Отандық фармкомпанияларфармкомпаниялар бюрократиялық проблемалар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Абылай Мырзахметовке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды

Абылай Мырзахметовке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ауғанстанға гуманитарлық көмек және қазақстандық тауарларды Орталық Азия, Үнді субконтиненті, Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына ілгерілету

Ауғанстанға гуманитарлық көмек және қазақстандық тауарларды Орталық Азия, Үнді субконтиненті, Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына ілгерілету

2 года ago
Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енгізілген жануарды аулаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енгізілген жануарды аулаған күдікті ұсталды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In