Азаматтар күдіктіге сеніп тапсырған ең төменгі ақша көлемі — 800 мың теңге болса, ал ең жоғарғы ақша көлемі — 3 миллион теңге болған. Жалпы шығын көлемі шамамен 15 миллион теңгені құрайды.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде осындай қылмысы үшін бұрын сотты болған облыс орталығының 43 жастағы әйел тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті өзінің кінәсін толық мойындады, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, өңір аумағында осындай қылмыстарға қатыстылығы анықталатын болады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: алаяқтардың құрбаны болмау үшін қолданыстағы заңнамадан айналып өту жолдарын іздемей, оның талаптарын орындау керек. Барлық қызметтерді мемлекеттік органдардан алу қажет. Заңды рәсімдерді айналып өту екі тарап үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.