Полиция қызметкерлерімен Тараз қаласында «Қарасора-2023» жедел- алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында «Леки» атты қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында жалпы салмағы 1 келі 389 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
— Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған,-деп атап көрсетті ПД ЕҚҚІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дінмұхамбет Қойториев.