Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының 33-жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті Алматы қаласындағы мөлтек аудандардың біріндегі пәтерде жасырынған.
Ұсталған азамат «тез арада ақша қажет болғандықтан ашық түрде кассадан ақша алғандығын және бейнебақылау камерасын байқамағандығын» айтты.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.